«Ағайынды Карамазовтар» музейі ашылды
Ресейдің Новгород облысы Старая Русса қаласында Федор Достоевскийдің атақты шығармасы «Ағайынды Карамазовтарға» арналған музей ашылды. Музей меңгерушісі Наталья Костинаның айтуынша жазушы «Ағайынды Карамазовтар» шығармасын жазда – Руссада, қыста – Петербург қаласында жазған. Шығарманың 12 кітабының 7-еуі осы Руссада жазылған көрінеді.
Музейде алты экспозиция дәлізі бар, әр зал роман кейіпкерінің үй- бөлмесі іспеттес. Меңгерушінің айтуынша бұл – орыс жазушысының шығармасына арналған елдегі алғашқы музей. Ол ХІХ ғасырдың алғашқы ширегіне тән сипатта әспеттелген 2 қабатты үлкен үй. Музей бөлмелеріне де сол заманға тән мүлік-мүккамал қойылғанмен экспозициялық залдар заманауи мультимедиялық құрылғылармен жабдықталған. Келушілер планшет арқылы тақырыптық фотоальбомдарды көріп, арнайы ақпараттық жүйе көмегімен Старая Русса қаласының қазіргі топографиясымен сәйкестендірілген «Ағайынды Карамазовтар» романының кейіпкерлер картасын зерттей алады. Сарапшылардың пікірінше әлем әдебиетінің шедевріне айналған шығармаға дәл осы қаланың тұрғындары арқау болған.