ҚАЗАҚ ЖАЗУШЫСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ Ұйымға ҚАБЫЛДАНДЫ
Белгілі жазушы Сәуле Досжан штаб-пәтері Нью-Йоркте (АҚШ) орналасқан Халықаралық жазушы әйелдер гильдиясына (IWWG) қабылданды.
Гильдия ресми хатында әлемдегі әйел жазушылар шығармашылығын ілгерілетуді көздейтін қауымдастық жұмысына қолдау білдіргені үшін С.Досжанға алғысын жеткізді. Жазушы негізі 1976 жылы қаланған бұл ұйым ауқымында әлемнің басқа елдеріндегі әріптестермен пікір алмасады, жаңа шығармаларға пікір қосады, әртүрлі халықаралық әдеби жиындарға қатысады. Сондай-ақ, осы ұйым аясында қазақ жазушысының шығармалары басқа елдерге таныстырылады.
Гильдия директорлар кеңесі мен ақылдастар тобының құрамында Dixie L.King, Marj Hahne, Judy Huge, т.б. көптеген белгілі әйел жазушылар бар.
2017 жылы «Open Eurasian Literature Festival & Book Forum-2017» (Швеция) халықаралық кітап форумында Сәуле Досжанның «Мое чужое сердце» кітабы проза жанрынан үшінші орын иеленген болатын. Сол сияқты, «Көрдемшенің қасіреті» кітабы «The Tragegy of Bastarg» деген атпен жуырда Лондоннан (Ұлыбритания) басылып шықты.
ПІКІРЛЕР1