Медаль иегерлеріне мерейлеріңіз үстем болсын айтамыз!
Айтулы, айшықты күндер мен тарих атты «ақсақалдың» құзырында қалатын мемлекеттік мазмұны терең оқиғалардың тұсында есімі елге белгілі, ісі үлгілі азаматтар: қоғам қайраткерлері, қаламгерлер мемлекеттік деңгейдегі марапаттарға ие болып жатады.
Биыл Астана қаласының 20 жылдығына орай ҚР Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының және оның астанасының қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен ақын, жазушылар және бір топ мәдениет қызметкерлері марапатталды. Олардың арасында Олжас Сүлейменов, Асанәлі Әшімов, Мырзатай Жолдасбеков, Әкім Тарази, Өмірзақ Айтбаев, Бексұлтан Нұржекеұлы, Дулат Исабеков, Исраил Сапарбай, Нұрлан Оразалин, Жәркен Бөдеш, Несіпбек Айтұлы, Марфуға Айтхожина, Ханбибі Есенғараева, Шәрбану Бейсенова, Шөмішбай Сариев, Уәлихан Қалижан, Сәуле Досжан, Райхан Мәженқызы, Әлібек Асқар, Смағұл Елубай, Ұлықбек Есдәулет, Болат Бодаубай, Өтеш Қырғызбаев, Бақыт Қайырбеков, Шәмшидин Пәттеев, Нұртөре Жүсіп, Мұрат Шаймаран сынды қаламгерлер бар. Мерекелік медаль иелерін марапаттарымен құттықтаймыз! «Мен әдебиетке қазақ болып қазақпен сырласу үшін келгенмін», – деп Әбіш Кекілбаев айтқандай, оқырман қауыммен бөлісер сырларыңыз таусылмасын.