"Қазақ әдебиеті" — Қазақстан Республикасының әдебиет, мәдениет және өнер газеті. Әр апта сайын, жұма күні шығады.
Газет 1934 жылдың 10 қаңтарынан бастап шыға бастады. «Қазақ әдебиеті» газеті — Қазақстан жазушылар одағының органы ретінде тұңғыш саны 1934 жылдың қаңтарында жарық көрген.
«Қазақ әдебиеті» - газетінің тарихы


Қазақстандық журналистер арасында осы сала мамандарына берілетін Геннадий Толмачев атындағы сыйлық жақсы таныс. Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Олжас Сүлейменовтің «Аз и Я» кітабына редактор болған Геннадий өз заманында Алматы облыстық «Огни Алатау» газетінің таралымының көбеуіне ықпал еткен білікті редактор. Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында Геннадий Толмачев атындағы биылғы сыйлық белгілі публицист, Қазақстан журналистика академиясының президенті Сағымбай Қозыбаевқа берілді.





Студия «Team28»