71-Канн фестивалінің ең үздік актрисасы – қазақ қызы
25.05.2018
1095
0

 

Канн фестивалінде ең үздік әйел ролін тұңғыш рет қазақ қызы жеңіп алды. Ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмінде басты рольді сомдаған қазақстандық Самал Еслямова 71-Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды.


 

 

«Айка» – әлеуметтік драмасы Қырғызстаннан келген қыз жайында түсірілген фильм. Айка Мәскеуде босанып, баласын перзентханаға тастауға мәжбүр болады. Кинокартинада сол қыздың аналық сезімі мен қайғы-мұңы суреттелген. Фильмді Сергей Дворцевойдың «Ки­нод­вор» студиясымен қатар Германия, Польша, Қытай, Қазақстанның кинокомпаниялары бірлесіп түсірген. Ма­рапаттау рәсімінде сахна төріне шығып, алғысөзді қазақ тілінде бастаған актриса режиссерге: «Сергей, сізге көп рахмет. Бұл үлкен мәртебе», – деп алғысын білдірді.
Самал Еслямова 1984 жылы Солтүстік Қазақстан об­лы­сында дүниеге келген. Бұдан бөлек «Тюльпан» фи­ль­міне түскен. Мәскеу театр институтын актерлік мамандық бойын­ша бітірген.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір