Түркі еліндегі тағылымды сапар
Қазақстан Жазушылар одағының басқарма Төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет Әзербайжанның Халық жазушысы Анар Рзаевтың 80 жасқа толуына орай өткен салтанатты кешке арнайы барды. Түрксой мен Еуразия Жазушылар бірлігінің ұйымдастыруымен Түрксой Бас хатшылығында өткен шарада Ұлықбек Оразбайұлы түркі әлемінің аса көрнекті жазушысы Анар Рзаевты қазақ қаламгерлерінің атынан құттықтап, сый-сияпат көрсетті. Мерейтой салтанатынан кейін одақ басшысын Кастамону қаласының әкімі арнайы қабылдады.
Осы сапар барысында Түрік дүниесінің ЮНЕСКО-сы Түріксой ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қорабайұлы Қасейінов мырза Ұлықбек Есдәулетті өз ұжымымен таныстырып, кішігірім кездесу өткізді. Кездесу барысында екі ұйым басшысы Түрік əәлемінің алыптары Мағжан Жұмабаев пен Шыңғыс Айтматовтың мерейтойларын бірлесе өткізу жөнінде екіжақты келісімге келді.
Сол күндерде Түрік дүниесінің 2018 жылғы мәдени астанасы Кастамону шаһарында Түріксой мен түрік тілдес елдер Жазушылар одағы және əәдеби журналдар басшылары бас қосып, кеңес өткізді.
Бұл жиынға біздің елімізден Қазақстан Жазушылар одағының басшысы Ұлықбек Есдәулет, «Адырна» және «Қасым» журналдарының Бас редакторлары Мейірхан Ақдәулет пен Серік Сағынтай қатысып, өз басылымдары, қазақ әдеби баспасөзінің жай-күйі туралы сөз сөйледі.