КӨРКЕМ МІНЕЗ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ІЛІМІ
18.11.2017
1717
0

Алтынбек ҰТЫСХАНҰЛЫ,
Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі


Сәләфизм – араб тіліндегі «сәләф» сөзінен шыққан. «Бұрынғылар», «әуелгілер», «өткендер» деген мағыналарды білдіреді. Исламдық танымда «сәләф-солих» термині әзіреті Мұхаммед пайғамбардың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) заманынан бастап өмір сүрген алғашқы үш буын – сахабалар, табиғиндер және атбаға-табиғиндерге берілген атау. Сәләф-солихиннің жолын жалғастырушы әһли-сунна уәл-жамағат, яғни фиқһта ханафи, малики, шафиғи, ханбали мәзһабтары, ақидада матуриди мен әшғари сенім мектебінің өкілдері болып есептеледі.

Ал бүгінгі таңдағы «сәләфилік» ілімінің тео­риялық негізін салған ғалым – Ибн Тәй­мия (1263–1328). Ибн Тәймияның ұста­ным­дарын Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб (1703–1792) басшылыққа алып, нәтижесінде «сәләфилік» діни-саяси қозғалыс пайда болды.
Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб негізін қала­ған ағым өкілдері «сәләф» ұғымын өз мақ­саттарына пайдаланды. Аталмыш ағым өкіл­дері өздерін «ақиқат жолындамыз, сә­­ләф-салихтер ақидасын сақтаушымыз, со­лар­дың ұстанған жолдарын таратушымыз» деп, қарапайым мұсылмандарды сендірмек бол­ды.
Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб «Китабут-тау­хид» (Таухид кітабы), «Кәшфуш-шубуһат» (Күмәнді нәрселерден арылту) және «Китабул-усулис-сәләсә» (Үш негіз кітабы), «Науақидул-Ислам» (Діннен шығаратын дүниелер) атты еңбектерде сәләфилік көзқарастарын баяндап, әһли-сунна уәл-жамағат сеніміне қайшы ұстанымдарын насихаттады. Осының не­гізінде мұсылман үмбетінің арасында қазіргі таң­ға дейін ұласып жатқан қантөгіске апарып соқтырған алауыздық туындады.
Сәләфилік ағымының басты қателіктері мен адасушылығы мыналар:
Біріншіден, құлшылық етпеген мұ­сыл­ман­ды кәпір санайды.
Екіншіден, таухидті үшке бөлу арқылы мұ­сылмандарды сенім тұрғысынан адасу­шы­лықпен айыптайды. Алайда, ешбір ғалым жә­не төрт мәзһабтың сенімінде де бұлай үшке бө­ліп түсіндірмеген.
Үшіншіден, әһлу сүннет жолын ұстанушы ма­туруди және әшғари сенім мектеп өкілдерін адасушылықпен айыптайды.
Ханафи, мәлики, шафиғи, ханбали мәзһа­бын ұстанушы мұсылмандар матуриди немесе әшғари ақида мектебінің сенім негіздерін ұстанатыны белгілі. Демек олардың сенімі бойынша кімде-кім матуриди немесе әшғари ақида мектебінің сенім негіздерін ұстанса, адасқан мұсылман, яғни әһлу сүннетке жат­пай­ды. Бұл – өрескел қателік.
Төртіншіден, әулиелерді зиярат етуге қар­сы шығады. Әулиелердің кесенелеріне барып зиярат жасағанды, дұға еткен адамды мүшрик, кәпір болады деп санайды. Сол себепті кесене салу, әруақтардың рухына садақа атауды ширк деп есептейді. Мешіттерге садақа беруге тыйым салады.
Бесіншіден, мәуліт мерекесін атап өтуді бидғат санайды. Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туыл­ған күнін мұсылмандардың надандары мен адасқандары ғана тойлайды, ондай әрекетті яһудилерге ұқсау деп есептейді.
Алтыншы, буквализмді ұстанады. Құран мен сүннеттегі Алла Тағаланың сипаттарын тікелей мағынада түсініп, жаратылысқа ұқ­са­тады әрі құлшылыққа қатысты аят-хадистерді ті­келей (заһири) мағынасында түсініп, амал етеді. Ал әһли сүннет ғалымдары қажет жағ­дайда аяттарды тікелей мағынасымен емес, астарлы (мәжази) мағынасында қабылдаған.
Жетінші, сопылық жолды мансұқтайды. Дұрыс сопылық жолды ұстанушыларды да адасқандар деп айыптайды.
Сегізінші, бидғат түсінігін орынсыз қол­да­на­ды. Бидғат ұғымын орынсыз қолданып, ғи­бадатқа еш қатысы жоқ кейбір іс-әрекеттерді де бидғат санайды. Осы арқылы мұсылман­дарды адасушылықпен айыптайды.
Тоғызыншы, мәзһаб ұстануды бидғат са­най­ды. Фиқһи мәзһабтарға еріп, олардың жо­лын ұстануды жоққа шығарады.
Оныншы, жергілікті халықтың салт-дәс­түрін, мәдениетін қабыл етпейді. Он бірінші, зайырлы мемлекетті, конституцияны, мем­лекеттік рәміздерді мойындамайды, әскери антты қабыл етпейді.
«Сәләфизм» ағымы өз арасында бірнеше тар­мақтарға бөлінеді. Негізгі діни ұстаным­дары ортақ болғандықтан барлығы да еліміз­дің бірлігі мен діни тұрақтылығына қауіпті. Қазіргі таңдағы өздерін «сәләфиміз» деп атап жүрген адасушы ағым мен бұрыңғы өткен «салафус-салихин» арасында ешқандай байланыс жоқ деп нақты айта аламыз.
Сәләфилер әлемде және елімізде орын ал­ған лаңкестік әрекеттерге себепкер болды. Мұн­дай лаңкестік әрекеттер асыл дінімізге деген теріс көзқарас тудыруда.
Қазақстан мұсылмандары діни басқар­масы мұсылман жамағатын сәләфилік ағым мүшелерінің теріс уағыздарына ермеуге ша­қырады.
Сопылық деген атау кейіннен шыққаны­мен, шариғат дереккөздерінде әу бастан бар. Сопылық – Алланың рақымына жақындауды үйре­тетін, адамның ішкі жан-дүниесін кү­нәһар­лықтан тазартып, барлық артық­шы­лықтарды бойға сіңіруді үйрететін рухани ілім. Сопылық жол – пенденің Аллаға жету жо­лындағы бағытын немесе жүйесін үйретеді. Алл­аға жету – Оны тану, Оған деген шынайы ма­хаббат. Бұл – құлшылықта ықыласты болу, тыйым салынған нәрселерден аулақ болу, нәп­сіні, жүректі жаман мінездер мен әдет­тер­ден арылтып, көркем мінезбен кемелдендіру деген сөз. Сол үшін сопылық – жүректі күнә­дан, нәпсіқұмарлықтан тазалап, көркем мі­незді қалыптастыру ілімі деп аталады.
Қазіргі таңда көптеген адамдардың со­пы­лық жолды ұстанып, үлкен қателіктерге жол беріп жатқаны ақида және фиқһ ілімін үй­ренбегендіктен туындап отыр. Ақиданы, ша­риғатты білмей тұрып сопылықты ұстану бұр­малаушылыққа әкеліп соқтырады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір