«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» мүшәйрасының ережесі
20.10.2017
1274
0

Алматы қаласы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеу­меттік тапсырысы аясында «ЗАМАН» парасатты және салауатты өмір» Қоғамдық қоры жоғары оқу орындарының студенттері ара­сын­да жас ақындар мен жазушылар және журналистер арасында мү­шәйра өткізеді.
Мақсат: Еліміздің ішкі тұрақтылығы мен тыныштығын, ын­тымағы мен бірлігін сақтауға бағытталаған мемлекеттік страте­гиял­ық мақсаттардың негізінде жастардың ұлттық сана, рухани бол­мысын қалыптастыруға бағытталған өлең туындыларын жа­рық­қа шығару, ұлттық патриоттық, адамгершілік сезімін ояту.
Мүшәйраның тақырыбы: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…».
Қойылатын талаптар:
1. Өлең уағыз түріндегі, бір бағытты әсіре діни сипатта болмауы керек!
2. Өлеңнің мазмұны қоғамда конфессияаралық келісімді және толеранттықты насихаттауға; радикалды діни ағымдардың, экс­-
т­ре­мистік ұйымдардың деструвтикті идеологиясының қауіптілігін ашып көрсетуге; жастарды адамгершілікке, қазақы тәрбиеге бау­луға; қазақы ұйқас арқылы дін мен дәстүрдің ажырамас егіз ұғым екенін көрсетуге; толеранттылықтың бастауы дін ғана емес дәс­түрде де, тәрбиеде екенін өлеңмен жеткізуге бағытталуы тиіс.
3. Өлең 2 беттен (Times New Roman, 14-шрифт) аспауы тиіс. Яғ­ни оқығанда 5-7 минуттан көп болмауы керек.
Жүлделі орындарға арнайы марапаттаулармен бірге ақшалай сыйақы беріледі.
Жалпы, жүлде қоры: 600 000 теңге.
Бұл шараға Қазақстанның кез келген жоғары оқу орындарының сту­денттері қатыса алады. Тілі – қазақ тілі. Шығарманы 2017 жыл­дың қазан айының 1-нен қараша айының 12-не дейін zamanfund@gmail.com электронды адресіне аты-жөндеріңіз бен телефон нөмірлеріңізді, қай оқу орнында, нешінші курста оқитындықтарыңызды көрсетіп жі­беріңіздер. Жіберілген өлеңдердің ішінен үздік делінген 10 туын­ды таңдап алынады және авторлары қазылар алқасының алдында өз өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің, Әл-Фараби атындағы кітапхананың актовый залында 16.11.2017ж., сағат
10.00-де.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір