«Ақылды қария – ағып жатқан дария!»
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Алматы қаласы, Жетісу ауданы №9 Оқушылар үйінің директоры Алдакеев Дүйсенбай мырзаның бастамасымен «Ақылды қария – ағып жатқан дария» атты №3 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы қарияларға құрмет көрсетілді. Мерекелік іс-шара барысында №9 Оқушылар үйінің жас өнерпаздары мен педагогтары – Аққалқа Арыстанқызы жетекшілік ететін «Назқоңыр» домбырашылар ансамблі, Күлшара Әбиденова жетекшілік жасайтын «Айжұлдыз» би тобы, Айдана Құралбекқызы жетекшілік жасайтын «Нұр шуақ» театр үйірмесінің мүшелері «Сен менің жанарымның ішіндесің» композициясын сахналады.
Азаматтық сектордың қайырымдылық-гуманитарлық жобасы аясында өткен шарада Дүйсенбай Сұлтанұлы қарттарды арнайы мерекесімен құттықтап, игі тілегін жеткізді. Ал №3 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» тұрғыны Дариға Бейіс өнерпаз жастар мен ОҮ-нің ұжымына қариялардың атынан үлкен рахметін айтты.
ПІКІРЛЕР1