Ғылым болашағын ойлаған
13.10.2017
1772
0

Шәмшиден Әбдіраман – қазақ ғылыми-фантастикалық жанрының ұлттық сипат алуына бар күшін салған тұлға. Қазақстан Жазушылар одағының қамқорлығы аясында құрылтайларда, әдеби жыл қорытындыларында ғылыми жанрдың көптеген көкейкесті мәселелерін қозғайтын батыл баяндамалар жасады, ғылыми-фантастикалық сүбелі еңбектер жазды, Машанитануға үлкен үлес қосты…

Оның 1963 жылы жарық көрген, «Ел­гезек электр» ғылыми-таным­дық шы­ғармасы ғалымдар мен сын­шы­лар, оқырмандар тарапынан жақсы бағаланды. Шәмшиден Әб­діра­ман жастайынан мал жайын жақ­сы біліп өскендіктен, сол тақы­рыпқа ғы­лыми-танымдық тақырып­та қалам тербейді. Жағым­сыз дауы­сы­мен түн тыныштығын бұзып, оны­мен қоймай қойға да, адамның өзі­не де азу тісін салуға дайын тұра­тын қасқырлардан қорғанудың жаңа тех­никалық жолын ойлап табу – шы­­ғарманың негізгі арқауы. Осы­лай­­ша, автордың «Көрінбес қорған» ғы­лыми-фантас­тикалық кітабы дү­ниеге келді.Ғалым-жазушы бұл шы­ғармасында ауыл болашағын тілге тиек еткен. Ауылдағы елеусіз көрі­не­тін шаруа­шы­лық – мал бағу. Жаз­да Күн кө­зін­де, қыста желі ыз­ғы­рық­ты қарлы боран өтінде жүріп мал ба­ғатын қой­шының жайын кім те­рең түсіне береді?Мал қайырумен, мал түген­деу­мен, мал қорасының ды­бысын тыңдаумен қойшының кү­ні өтіп жатады. Шәмшиден Әбді­ра­ман қойшы қауымның осындай қиын-қыстау өмірін жеңілдетуді ғы­лыми фантастика тұрғысында жүзеге асырған. Ол – мал қорасы төңірегін­дегі көзге көрінбейтін қорған. Ол үшін қой жайылатын жайылымға бірнеше бағаналар тұрғызылады. Ол бағаналардың әрқайсысында Күн­нен ток алатын генераторлар бар. Сол генераторлардан ток алып жұ­мыс жасайтын күрделі сезгіш құрыл­ғы­лардың арқасында қой отарына жырт­қыш түгілі, адам да жолай ал­май­ды.
Ол жайылымға тек қойшының өзі мен көмекшісі келе алмақ. Ат үс­тіндегі қойшы жайылым аймағына кірер кезде ердің басындағы шағын құрылғының титтей ғана түймелерін нұқып барып қана өтеді. Ал түн мез­гілінде қойшының өзі де, көмек­шісі мен отбасы мүшелері де жатын орын­дарында тыныш демалады. Олардың таспаға алдын ала жазылып қойылған дауыстары автоматты жүйелер арқылы дыбыс күшейткіш­тен әлсін-әлсін мал қораның төңіре­гіне жаңғырыға шығып тұрады. Мал қораға жақындай түскен қасқырдың түр-тұрпаты жарқ ете түскен қуатты шам жарығымен арнайы экранда бей­неленеді. Сөйтіп, мал қораға түн жа­мылып келген жыртқыш арнайы құрылғылармен қолға түседі. Жазу­шы-фантастың бұл шығармада айт­қан идеясы бұл күндері шет ел­дерде жүзеге асып та жатыр.
Автордың «Уақыттан ұтқандар» шы­ғармасында автомобильдің келе­ше­гі, «Жарқанат» шығармасын­да Жар­қанат секілді жасалған, кә­дімгі әуе кемесі сияқты қалықтай ұшып, жер астындағы кен бар жерді өзінен та­раған радиотолқын арқылы дәл бар­лай алатын ғажайып кеменің же­тістіктері, «Торға түскен күш» шы­ғар­масында инерция күшімен ғана жер­ден көтеріліп ұша алатын кеме, «Гра­витон» шығармасында алыс ға­рыш сапарынан оралған кеменің Жер атмосферасына енген кезде ар­найы автоматты жүйелер арқылы сал­­мақсыздық тудырып, парашют­сіз-ақ қалықтап қона алатыны ту­ра­лы айтылады.
Ш.Әбдіраманның «Әл-Мисақ» ғы­лыми-фантастикалықроманы 1998 жылы жарық көрді. «Әл-Ми­сақ» – Ақжан Жақсыбекұлы Ма­ша­ни­­дің ірі келбеті мен ірі ғылыми із­де­ністеріне арналған.Шығарма ав­тордың өзі мен кейіпкерінің ара­сын­дағы әңгімеден басталады. Ға­лым шәкіртіне: «Әл-Мисақ» сөзі­нің ма­ғынасының неден шыққаны жө­нінде ой тастайды. Қазақта; «Әл­ми­сақ­тан белгілі» деген сөз бар. Осы сөз­дің мәнін Меккедегі Қағба ішін­дегі аспаннан түскен қара тас – метеориттің тарихынан бастай отырып,Тәңірге табыну рәсімінің со­нау ерте заманда-ақ түрік жұр­ты­нан бастау алғанын айта келе, «То­ми­рис» сөзі де Тәңір тасы деген сөз­ден шыққанын, Қағбадағы қара тас­та адамның Тәңір алдындағы ан­ты – әл-мисаққа түйінделетінін, мұ­­сылман жұртының қара тасқа тағ­зым етуінің мәнінің осында жат­қа­нын түсіндіреді.
Мұнан әрі қарай автор Ақжан Жақ­сыбекұлы Машанидің Мәскеуге барып, сол кезде жасы жүзге таяған орыстың атақты геологы, академигі В.А.Обручевпен кездескені,
П­.С.­Пал­­лас­тың досына жазған хатымен, ол хаттағы кейіннен Паллас ме­т­ео­риті аталған аспан тасы жөнін­дегі ғы­лыми тұжырымдармен танысқаны баян­далады.. Осы тұста жазушы-бо­лашақгер үзіліс-шегініс жасап, Ақ­жан Машанимен әңгімесін одан әрі қа­рай жалғастырады.
Шығарманың негізгі бөлімінде екі тарихи тұлға – Ақжан Жақсы­бек­ұлы Машани мен Петр Симон Пал­лас екеуінің оймен тұ­жырым­далған диалогтары келтіріле­ді. Олар автор­дың ой-арманынан туындайтын бас­ты тұжырымдарын қуаттайды. Сол сауал мен жауаптар арқылы Шәм­шиден Әбдіраман қазақ жерінің әуел­дегі шекарасын, тарихын, қа­сиетті қара тастың сол шекара бойын­ша қазақ жеріне түскенін, сон­дықтьан да Тәңірге табынудың, адам­шылық қасиеттің өзіміздің төл ата-бабаларымыздан бастау ала­ты­нын айғақтайды.
Шәмшиден Әбіраманның әлем жұр­тын жаулап алу ниетіне бой ұрған соғысқұмарлардың қадамына қақпан құрған ғылыми-фантастика­лық романы – «Ақиқат формуласы». Шығарманың оқиғасы шетелдік ға­лымдар Оуэн, Джон, Майк және Джейн есімді ғалымдардың адам ба­ласын қарусыз бағындыру мақса­тында ойлап тапқан биогенератор төңірегінде өрбиді. Ғалымдардың тұжырымдары бойынша, «Диаметрі 5 пен 100 микрон аралығындағы сипат­ты тудыратын аксен мен денд­риттен бөлінетін химиялық синапс жа­рығы арқылы өтіп, клетка мемб­ра­насында жаңа ритмді им­пульс тудырады. Сөйтіп, жүз­деген, мың­даған нейрондардан келіп жататын ха­барлар мен бұйрықтар замат электронды ма­шина­ның жадында­ғы­дай өңделіп, жаңа ритмді импульс­ке айналады да, тармақ­танып кете ба­ратын сан-мыңдаған аксон тал­шықтары арқылы ми әлеміне түгел та­райды, нейрондар­дың бәріне ха­бар, бұйрық болып жетіп жатады…». Бұл тұжырым бойын­ша, адам басын­дағы ми бір бірімен тіркесе тізілген мыңдаған ша­ғын электронды есеп­тегіш ма­шина іспетті екен. Оған әлгі төрт ғалым ойлап тапқан биоге­не­ра­тордан бұйрықты жеткізсе бол­ғаны, қан­шалықты саналы, білімді болса да, адам ол бұйрықтан тайқып кете алмай құрал иесінің құлына айнала­ды. Ьұл жаңалықты естіген әскери-со­ғыс мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері осы құралды қол­­дарына түсру үшін өзара бәсекеге тү­седі. Қай қайсысы да ол құрал ар­қылы әлем жұртшылығын әп-сәтте оқ шығынын шығармай-ақ бағын­ды­рып алуды армандайды.
Ал қазақ ғалымдары ондай құ­рал­дың қатыгез соғысқұмарлар­дың қолдарына түсуіне қарсы. Бұл тұр­ғыда қазақ академигі Талғатов ерен ерлік жасайды. Ол өзі ойлап тапқан құралмен шетел генералының бұй­рығымен әлгі биогенераторды әуе ке­месіне артып, ел жаулауға ұша­тын ұш­қыштың миына кері әсер етіп, оны ол ел емес, қазақ жеріндегі Бай­қоңырға қонып, биогенераторды жою үшін қазақ ғалымдарына та­быстауға мәжбүр етеді.
Жазушы-фантасттың қай ғы­лыми шығармасында да адам бала­сының жарқын келешегі суреттеледі. Осының бәрі де оқушысының келе­шекке деген құштарлық сезімін оята тү­седі. Ғылыми жанрдың басты та­лабы да осы.

Жүніс Сахиев.­­

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір