Теріскейліктер Шымқалада өнер көрсетті
Шымкент қаласында Созақ ауданының «Туған жер- алтын бесігім» атты облыстық фестивалі өтті. Мерекелік шара Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда аудан әкімі С.Полатов пен аудан өнерпаздарының журналистермен өткізген баспасөз-мәслихатымен басталды.
Мұнан кейін қала тұрғындары мен арнайы шақырылған қонақтар Созақ ауданы өнерпаздарының концертін, Созақ халық театры ұжымы дайындаған Н.Ораздың «Адасқан жұлдыз» қойылымын тамашалады.
«Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы, публист, журналист, республикалық «Айқын» газетінің бөлім меңгерушісі Төреғали Тәшеновпен кездесу болды. Кездесу барысында Созақ ауданы кітаптары көрмесінің тұсауы кесілді.
Облыс тұрғындары ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін, Ш.Қалдаяқовтың атындағы гүлзар 700-ден аса аудандық қолөнер, қылқалам шеберлерінің жәдігерлері және кітап көрмесін аралады.
Мектеп ұжымдары, мекеме басшылары, аудандық мәслихаттың депутаттары, кәсіпкерлер, зиялы қауым өкілдері, аудандық, кітапханашылар, жергілікті бұқаралық құралдардың өкілдері мәдени күндердің басы-қасында болып, шараға белсене атсалысты.
Сәрсенбек ТЕҢІЗБАЕВ.