ҚазҰУ 10 млн теңгенің көмегін көрсетті
![](https://qazaqadebieti.kz/wp-content/uploads/2024/04/WhatsApp-Image-2024-04-24-at-17.07.46-300x169.jpeg)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті су тасқыны болып жатқан Батыс Қазақстан облысына 5 млн теңгеге 20 тонна гуманитарлық көмек жіберді.
Сондай-ақ су тасқынынан үйлері зардап шеккен 50 студентке 100 мың теңгеден жәрдемақы тағайындады.
Жиналған көмектің жалпы соммасы 10 млн теңгені құрайды.
![](https://qazaqadebieti.kz/wp-content/uploads/2024/04/WhatsApp-Image-2024-04-24-at-17.07.45-300x169.jpeg)
9 сәуір күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен оқу ордасының базасында арнайы қайырымдылық пункті ашылған болатын.
![](https://qazaqadebieti.kz/wp-content/uploads/2024/04/WhatsApp-Image-2024-04-24-at-17.07.45-2-300x218.jpeg)
Акцияға университеттің оқытушылары мен қызметкерлері, білім алушы жастар белсенді атсалысты.
![](https://qazaqadebieti.kz/wp-content/uploads/2024/04/WhatsApp-Image-2024-04-24-at-17.07.46-3-300x199.jpeg)
Гуманитарлық көмек тізімінде жаңа киім-кешектер, азық-түлік, жеке гигиена құралдары, карематтар, бұзылмайтын тағамдар, ауызсу, төсек-орын жабдықтары, резеңке етіктер мен қолғаптар және т.б. қажетті заттар бар.
![](https://qazaqadebieti.kz/wp-content/uploads/2024/04/WhatsApp-Image-2024-04-24-at-17.07.46-2-300x199.jpeg)
Оның ішінде 250 қалың төсеніш, 500 көрпе, 300 жастық, 700 сүлгі, 400 кір сабын, 500 литр сұйық сабын бар. Сондай-ақ 1300 келі макарон өнімдері, 200 келі қарақұмық, 500 келі күріш, 200 келі қант сияқты ұзақ сақталатын тағам түрлері жөнелтілді.
![](https://qazaqadebieti.kz/wp-content/uploads/2024/04/WhatsApp-Image-2024-04-24-at-17.07.45-1-300x206.jpeg)
Үйлері суға кеткен және қалпына келтіруге жарамсыз студенттерді қолдау қаражаты жеке өздеріне аударылады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі