Театр әлеміндегі рухани жаңғыру
11 қазан күні М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының және ұлы жазушы М.Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына орай «Театр әлеміндегі рухани жаңғыру» атты Алматы қаласындағы сегіз театрдың басын қосқан көрме өтті.
Қазан айының басында Мәдениет және спорт министрлігінің тікелей қолдауымен осы театр Лондон қаласының сахнасында жазушы-драматург Д.Исабековтің «Жаужүрек» драмасын, Кәріс музыкалық комедия театры «Актриса» спектаклін қойған еді. Театр маусымының ашылуына орай өткен баспасөз-мәслихатында М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләл ұжымның Лондон сахнасында көрсеткен өнері жайлы айтып, 92 маусымның алғашқы жартысындағы жаңалықтармен бөлісті. Театр жоспар бойынша Асқар Сүлейменовтің «Адасқақ» шығармасын (сахналық нұсқасын жазған Әлия Бөпежанова, режиссері Әубәкір Рахимов),
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін «Тәуелсіздік толғауы» атты жас драматургтер конкурсының жеңімпазы Айдана Мұратқызының «Бір күндік ғұмыр» атты пьесасын кіші залда сахналамақ. Сонымен қатар, өнер ұжымы осы маусымда Жапонияға баруды ойға алып отыр. Өнер ордасының басшысы Ерлан Біләлдің айтуынша, бұл сапарға да Арыстанбек Мұхамедиұлы басқаратын Мәдениет министрлігі қолдау білдірмек.
Театр ұжымы осы күні өзінің
92-ші маусымын дәстүрлі түрде М.Әуезовтің «Абай» трагедиясымен ашты.
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.