Казуо Исигуро: «Енді жұрт менімен тілдесу үшін көше кезеді…».
13.10.2017
1781
1

2017 жылғы 5 қазан күні әдебиет саласы бойынша 2017 жылғы Нобель сыйлығының иегері анықталды. Әйгілі сыйлықты бұл жолы жапондық – Казуо Исигуро (Kazuo Ishiguro) жеңіп алды. Осы оқиғадан кейін Нобель медиасының бас ғылыми қызметкері Адам Смис жапон жазушысына хабарласып, телефон арқылы сұхбат алған болатын. Сол шағын сұхбатты аударып беріп отырмыз.

Казуо Исигуро: Сәлеметсіз бе, Смис сырза?
Адам Смис: Аманшылық! Қоңы­рау шалғаныңызға көп рахмет. Нобель сыйлығын алғаныңызбен құттықтаймын!
Казуо Исигуро: Рахмет! Өкінішке қарай, телефон тұтқасында байла­нып тұратын болдыңыз-ау… Бұл мен үшін абсолютті жағдай болды, қат­ты қобалжып тұрмын. Тораптан көп­­­­­теген ақпарат құралдары сұхбат алу үшін кезекке тұрып жан­та­ласу­да.
Адам Смис: Әрине, солай болуға тиіс. Өміріңіз өзіңіз күтпеген жер­ден аса үлкен өзгеріске ұшырады. Со­ны­мен, бұл қуанышты қалай ес­тідіңіз?
Казуо Исигуро: Ас үйде бір до­сы­ма электронды хат жолдағалы жат­­қанда телефоным сайрай жө­нелді. Телефондағы сөз аса түсініксіз қа­лыппен басталды. Менің жан­күйер­лерім хабарландыруды өз көз­дерімен көріп жатыр екен. Мен олардан бұндай жағдай күтпеген едім, олар биылғы Нобель әдебиет сыйлығының иегері кім болатынын тағатсыздана күтуде екенін білдім. Осыдан кейін менің телефоным маза тапқан жоқ. Әр рет тұтқаны кө­терген сайын бұл хабардың жал­ған әрі сенімсіз ақпараттығын не­месе басқалай жағдай екенін тұс­пал­дағандай болдым. Бірақ, көп өт­пей сенімім беки түсті. BBC ор­талығы қоңырау шалған соң барып ахуалдың растала бастағанына көзім жетті. Бірақ әлі де қобалжуым басылмай тұр… Мен енді шынымен аса қиын жағдайға тап болған­дай­мын. Енді жұрт менімен тілдесу үшін сабылып көшеге шығатын бол­ды…
Адам Смис: Бүкіл дүниені елең еткізген оқиғаға бойыңыз үйреніп үл­герді ме?
Казуо Исигуро: Жоқ, бұл тым ұзаққа бармайды деп ойлаймын. Яғ­ни бұл беделді марапатқа ай­налады. Бірақ бұл құрметтің не сый­ларын жүре көрерміз. Нобель марапатынан артық беделді марапат жоқ шығар. Мен бұл марапатты дүниежүзіндегі көптеген адам­дарға құрметпен қарайтын ны­шанды қөзқарастардың бірі болып қалады деп ойлаймын. Сондықтан сый­лықты алуға деген құрмет сезімін Швед академиясының шынайы мәртебесі деп білемін. Әрі бұл марапатты өзім үшін үлкен жетістік деп бағалаймын. Неше жыл­дардан бері Швед академиясы тепе­-теңдікті сақтауға бар күшін салып келеді. Бұл мен үшін зор марапат болды. Себебі, менің көп­теген өлмейтін кейіпкерлерді өмірге әкелгенімді жақсы білесіз, бұл нағыз жазушыға ғана тән. Тарихта ең мықты жазушылар ғана бұл сый­лыққа қол жеткізген, ауыз толтырып айтуға татитыны – 13 жасымнан бері менің үздік қаһарманым атан­ған Боб Диланнан кейінгі бір жылда осы марапатқа ие болғаным мен үшін мәртебе. Ол шынымен менің үлкен қолдаушым болғандай.
Адам Смис: «Жақсыдан – шара­пат» деген осы ғой?
Казуо Исигуро: Дұрыс айтасыз, мен Боб Диланға еліктеушімін. Бі­рақ дәл қазір сізге еліктеуім туралы ешнәрсе айта алмаймын…
Адам Смис: Тым өкінішті­-ақ, ме­нің қызығушылығым артып тұрған­дай. Мүмкін, тым болмағанда жел­тоқ­сан айында Стокгольмге кел­­ге­­ніңізде орайы келер…
Казуо Исигуро: Жарайды, сәтін салса…
Адам Смис: Дәл қазір Ұлыбри­та­ния үшін қуанышты сәт. Бұл қуа­нышты сәттің сыйлығыңызды қа­был­­дау үшін өзгеше мағынасы бар ма?
Казуо Исигуро: Әрине солай. Шын­туайтында, қуанышты жаңа­лықты жеткізген телефонды қа­былдаудан бұрын басылымға өті­ніш жазып отырғанмын. Бар ай­тарымды бір ауыз сөзге сыйғызғым ке­леді. Меніңше уақыт менімен са­нас­ты, шынымен солай болды…
Биыл 63 жасқа толдым. Батыс әле­міндегі біздің құндылықтарымыз ту­ралы белгісіз болған мезгілді еске түсіргім келмейді. Білесіз бе, біз өзі­міздің белгісіз құндылықтары­мыз, жол бастаған серкелеріміз ту­ралы қым-­қуыт дәуірлерді бастан өт­кердік. Адамдардың көңілінде алаң­даушылық басым. Сондықтан, мен Нобель сыйлығы секілді ма­ра­паттар әлемдегі ұтымды іс­-әрекет­тер­ге, бағасына байлық бойла­май­тын құндылықтарға біршама үлес қо­сады деп үміттенемін. Әрі үздік­сіз­дік пен әділдік туралы түсінікті қалыптастыруға қолғабыс ете алады деп сенемін.
Адам Смис: Менің пайымдауым­ша, осы уақытқа дейін жазған шығар­ма­ларыңыздың дені әлемдегі өз ор­нымыз туралы мәселелер бір-­­­бірімізбен және әлем­мен қарым-­қатынасымыз жайын­да болды… Мүмкін, бұл сіз ең көп бас қатырған тақырып болар?
Казуо Исигуро: Дұрыс айтасыз, өзім де солай ойлаймын. Егер тар ма­ғынасында айтар болсам, біз ұқсас уақытта тар және кең деп бөлінетін әлемде қалай өмір кешіп жа­тырмыз деген мәселе қызықты­рады. Әрқай­сы­мыздың жеке әлемі­міз бар, біз оны табу­ға, сол міндетті орындауға құл­шыныуымыз керек. Бірақ, бұл сөз­сіз үлкен әлеммен, саясатпен, тіпті ба­сымдыққа ие бола алатын дистоп­тық әлеммен байланысады. Сол үшін бұл мәселе­лер туралы қызығу­шылығым басым болды. Біз ұқсас уа­қытта тар және кең деп бөлінетін әлем­де өмір сүріп жатырмыз. Бұлар­дың біреуін немесе екіншісін естен шығаруымызға әсте болмайды.
Адам Смис: Сізге алғысым шек­сіз. Бұл мәселелер туралы алдағы уа­қыт­тарда ой өрбітетін болармыз.
Казуо Исигуро: Жарайды. Таңер­тең оянғанда күніге жалғасып жат­қан қарабайыр тірліктің өзгеше бір қуанышы боларын білмегендіктен, аздап қобалжығаным рас. Баспалар мен медиалар Нобель сыйлығына ілі­ніп жатса бұл әдебиет үшін даңқ деп ойлаймын. Егер Нобель сый­лы­ғын алғанда ешкім қуанбаса бұл жағ­дай мен үшін үлкен алаңдау­шы­лыққа апарар еді.
Адам Смис: Әдебиеттің жеңісін тойлаған күн – мерейлі күн болмақ.
Казуо Исигуро: Дұрыс айтасыз, меніңше, әдебиет ізгі­лік, бірақ ол кейде сорақы істерге де қару бола алады. Нобель сыйлығы се­кілді құндылықтар тек ізгіліктің қаруы екенін дәлелдейді.
Адам Смис: Керемет көзқарас. Сіз­ге айрықша алғыс білдіреміз. Жел­тоқсан айында Стокгольмге келуіңізді асыға күтеміз.
Казуо Исигуро: Сол сәтке өзім де асығудамын. Жарайды, тіл табы­са алдық деп ойлаймын.
Адам Смис: Көп рахмет!
Казуо Исигуро: Сау болыңыз!

Ағылшын тілінен аударған

Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН.

ПІКІРЛЕР1
Мұхтар 23.10.2017 | 17:43

Қазіргі кезде осындай әлемдік жазушылардың еңбектерін қазақшаға аудару қолға алынып жатыр ма екен? Бұл тұрмақ балаларға арналған кітаптардың өзін таппайсың. Бестселлер болған кітаптарды, мысалы, «Гарри Потер», қазақ балалары тек орысша оқиды. Әрине, оқығанын бір-бірімен орысша бөліседі, сосын барып орыс тілді болады. Өкінішті-ақ!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір