ҚАНАТЫН ЖАЗА АЛМАҒАН ҚЫРАН АҚЫН
Жуырда халық ақыны Молдабай Жолдыбаевтың «Шапағат» атты тұңғыш жинағы жарық көрді. Молдабай – Кеңес өкіметі орнағаннан кейін халық жауы атанып, он жыл түрмеге қамалып, Сібірге айдалған тұлға. Кітапты ақынның ұрпағы Мұрат Молдабайұлы, жиені Анархан Сәкенқызы құрастырып, бастырып шығарды. Редакторы Салтанат Әлиакпарқызы. Кітапты құрастыруда М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының қолжазба бөлімінің қызметкерлерінің еңбегін ерекше атап айтқан жөн.
Молдабай ақын туып-өскен Сұраншы батыр ауылында осы кітаптың тұсаукесер салтанаты өтті. Жиынды баспагер, ақын Манарбек Ізбасар кіріспе сөзбен ашып, жүргізді. Жазушы, тарихи тұлғаларды зерттеп жүрген тарихшы Нағашыбек Қапалбекұлы баяндама жасады. Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Дастан Шалтабаев, ардагер журналист Жұмаш Арғымбаев, Олимпиада тұңғыш чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессор-ғалымдары Арықбай Ағыбаев, Анарбай Бұлдыбаев, филология ғылымының кандидаты Тоқтар Әлібек, Жамбыл музейінің директоры Мәулен Қожашев және басқалар сөз сөйлеп, естеліктер айтты. Ауыл өнерпаздары мен ақын ұрпақтары концерттік бағдарлама әзірлеп көрсетті. Молдабай Жолдыбаев жүлдесі үшін қазақша күрес және футболдан жарыс ұйымдастырылды.
С.ӘШІМОВА.
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.