Салым артып келеді
Бірыңғай жинақтаушы зейнатақы қоры таратқан мәліметтерге сүйенсек, 2017 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,43 трлн. теңге болған. Жыл басынан бергі өсім 741 млрд. теңгені (11%) құрады. Ал салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 398,57 млрд. теңгеге жетті.
«Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы жыл басынан бері 5,78 пайызды құрады. Бұл инфляция деңгейінен 1,9 пайызға жоғары (инфляция 3,9% болды). 2017 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайда шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,1 млн. бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,63 млн. бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 432 мың бірлікті, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) шамамен 40 мың бірлікті құрады», – дейді БЖЗҚ-ның басқарушы директоры Жанар Төлегенова.
2017 жылдың басынан бері, яғни 1 қаңтар мен 31 тамыз аралығында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 148,57 млрд. теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар – 17,58 млрд. теңге болды. 2016 жылдың осы кезеңінде БЖЗҚ-дан 118,54 млрд. теңге төленген, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар – 12,51 млрд. теңгені құраған.