ҚАРЖЫЛЫҚ АҚПАРАТ ТАРАТУ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУДЫ АРМАНДАЙМЫН
29.09.2017
1293
0

Бүгінгі таңда еліміздегі көптеген жастар шетелде білім алып, қайта оралған соң өз тәжірибелерін халық игілігіне айналдыруға кірісіп кетті. Варшава әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар университетінің 3 курс студенті Ғазиз ЖАҚСЫЛЫҚ та солардың қатарынан табылуды мақсат етеді. Осы уақыт аралығында бірқатар әлемнің дамыған елдерінде тәжірибе жинақтаған ол болашақта Қазақстанда Bloomberg сынды ірі қаржылық ақпарат тарату жүйесін құруды армандайды. Өз елін дамыту мақсатын алға қойған жасты Елбасы ұсынға «100 жаңа есім» жобасына кіруге лайық деп ойлаймыз. Жас маман өз саласының қазіргі замандағы ролін жан-жақты жеткізіп берген еді.


Ғазиз ЖАҚСЫЛЫҚ,
Варшава әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар университетінің 3 курс студенті


XXI ғасыр, технологияның дамыған дәуі­рінде көптеген мамандықтар кел­мес­ке кетіп, орнына жаңа, адам естімеген, ай­тылуы да қиын түрлі мамандықтар пай­да болып жатыр. Менің түсінігімде мұ­ны заң­дылық деп ойлаймын. Ал біз, осы ғасырдың адамдары, сол жаңа заң­ды­лықтарға ба­ғынып, қабілетімізді шың­дап, жаңа білімді үйренуге талпыныс жа­сауы­мыз қажет.
Мен Бизнес және Медиа мамандығы бойын­ша оқып жатырмын. Бұл мамандық жа­ңа болмағанымен, елімізде енді ғана дамып ке­ле жатыр. Яғни менің болашақ жұ­мы­сым – әлемде және елімізде болып жатқан эко­номикалық үдерістер мен трендтерді түсінікті тілмен халыққа жеткізу. Әрине, бұл үшін тек экономика мен бизнесті ға­на емес, сонымен қатар журналистиканы да қатар алып жүруім қажет. Мұның адам­затқа қандай пайдасы бар? Жалпы адам­дардың санасында экономика, биз­нес, қаржы орталықтары, банк жүйесі де­генді естісе, онымен тек экономистер мен сол салаларға қатысы бар адам­дар ғана айналысуы керек деген қате түсі­нік қа­лыптасқан. Оның үстіне түрлі эконо­ми­калық терминдердің қиындығы да бар. Бұл жердегі мәселе жалпы адам­зат­ты эко­номист немесе банкир етіп шы­ғару емес, олай мүмкін де болмас. Тек адам­дарға өз қаржысын тиімді игерудің жолын көрсетіп, қаржылық сауаттылығын арт­тыру. Бұл – бір. Екіншіден, инвес­тиция­ға салынатын қаржылардың тиім­ді­лігін зерттеп, адам­дар­дың қаржысының тиім­ді жұмсалуын қадағалау. Үшіншіден, түрлі БАҚ-та та­ралып жатқан эко­но­ми­калық ақпараттарды сүзгіден өткізіп, шынайы мәліметтер тарату. Интернеттің даму қарқыны мен ақпарат көлемін ескерсек, бұл өте маңызды деп ойлаймын.
Қарап отырсам, қазір әлемде үлкен өзгерістер орын алып жатыр. Бұл өзгерістер экономиканы да, оның жеткізілуіне де өз әсерін тигізуде. Бұрынғы қаржы орталық­тары саналатын Токио, Нью-Йорк, Лондон сынды қалалар өз позициясынан әлсіреп, Сеул, Дубай, Мумбай, Шанхай сынды жаңа қар­жы орталықтары қарқынды дамуда. Геог­рафиялық тұрғыдан аталған қала­лар­дың алыс екенін және олардан келетін ақ­параттардың жылдам жет­пейтінін ес­керсек, бұл өз кезегінде өзі­міздің қаржы орталығының құрылуына септігін тигізді. Астанада «Астана» Ха­лық­аралық Қаржы орталығы ашылып, мың­даған адамдар елі­міздің экономикасын да­мыту жолында қыз­мет атқарып жатыр. Бұл орталықтың негізгі мақсаттары мен қызметтері жеке сайтта жазылған.
Осы орайда, алдыңғы қатарлы, эко­но­микасы тұрақты елдерден үйренеріміз көп екенін түсініп, оқуымды Варшавада (Польша) жалғастырып, Стамбулда (Түр­кия) үлкен тәжірбиеден өттім. Екі жақтан жинаған білімім халық қажетіне жұмса­ла­тынына сенемін және болашақта елі­міз­де Bloomberg сынды танымал қаржы­лық ақпарат тарату жүйесін құрсам дей­мін.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір