«ҚАСИЕТТІ ҚОНАЕВ» КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
Белгілі жазушы, публицист Ерғали Сағаттың «Қасиетті Қонаев» атты кітабы жарыққа шықты. Кітап мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың қайраткерлік, адами қасиеттерін жалпақ жұртқа жаңа қырынан жария етуге бағытталған. Автор осы арқылы аты аңызға айналған дара тұлғаның келбетін өзінше танып, өзінше ашуға тырысады.
Аталмыш еңбекте Дінмұхамед Қонаевтың жайсаң мінезімен ерекшеленіп, өзі өмір сүрген заманның қайраткері бола білген тұлғалық қасиеттері баяндалады. Кейіпкердің халқына көрсеткен қайырымдылығы, ел басқарудағы қайсарлығы мен кеңпейілдігі сөз болады. Сонымен қатар, ғажайып тұлғаның көрегендігі, алысты болжағыштығы, кіршіксіз пейіл тазалығы, адалдығы, имандылығы мен жан дүниесінің кеңдігі әр қырынан ашып көрсетіледі.
Автор Дінмұхамед Ахметұлымен кездесуден алған әсерін аталмыш кітаптың екі тарауына нәзік арқау етіп пайдаланған.