«Жұлдыз» журналы, №7
01.09.2017
3457
0

Биыл қазақ мәдениеті мен әдебиетінің дамуына, ұлттық сананың өсуіне үлкен үлес қосқан талантты қаламгер Сағат Әшімбаевтың туғанына
70 жыл толып отыр. Осы орайда «Жұлдыз» журналы мемлекет және қоғам қайраткері, талантты әдебиет сыншысы, жалынды публицист, қаламы мен ойы ұшқыр журналист Сағат Әшімбаевтың өз қолымен жазған күнделіктерінің бір парасын оқырман назарына ұсынып отыр. Күнделікті оқи отырып, автордың білімге, кітапқұмарлыққа, жалпы жұмыс тәртібіне қатысты көп ешкім біле бермейтін ерекше қырларымен танысасыздар. Сондай-ақ, оның өз ойынан шыққан оймақтай ойлары мен парасатты пайымдарын, керемет ой тіркестерін оқи аласыздар.
«Поэзия» беттерінен ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ұлықбек Есдәулеттің «Жаңа дәуірдегі корей поэзиясы» атты корей поэзиясына жа­саған аудармаларымен қоса, ақын Жүкел Хамайдың туған жерге, елге деген сүйіс­пен­ші­лігінен туған бір топ өлеңдері және ұйғыр ақыны П.Сә­би­т­ова­ның, Б.Сәрсенханның, А.Тәбәрікқызының, Б.Матай­дың, т.б. жырларымен сусындайсыздар.
Осы нөмірден жазушы Ертай Айғалиұлының Қазақ мем­лекеттігінің қалыптасуына ай­рықша еңбек сіңірген Хақ­назар ханның елі үшін жан алып, жан беріскен қилы тағ­ды­рын баяндайтын «Сарай­шық ханшасының арманы» ат­ты тарихи хикаятын да оқи­сыз­дар. Шығармада Қазақ ор­дасы, Мауреннахр, Мәскеу пат­шалығы, Қазан хандығы, Сарайшық, Түркістан шаһары, т.б. ұлан-ғайыр кеңістіктегі оқи­ғалар қамтылып, Аққу хан­­шайым, Мамай, Иван
Гро­з­­ный, Тайжан, Ысмайыл, Шы­ғай сұлтан секілді көптеген та­­рихи тұлғалардың көркем бей­несі сомдалған.
Сондай-ақ, жазушы Заря Жұманованың «Өнеге бастауы» де­ген тақырыпппен жа­рия­лан­ған, бар қазақтың көз­қуа­ны­шына айналған «Дос-­Мұ­қасан» ансамблінің ұйы­м­­­дас­тыру­шысы және ең алғашқы көр­кем­дік жетекшісі болған Досым Сүлеев мырзамен сұх­батын оқыр­ман назарына ұсынып отыр.
Бұдан бөлек, жазушы Нағашыбек Қапалбекұлының «Тектілер туған топырақ» атты мақаласын және т.б. автор­лар­дың туған жер туралы толға­ныс­тарын оқуларыңызға болады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір