Өнеріміз саған – Қазақстан
Қазақстан этномәдени бірлестіктерінің «Мың келбет» концерті және «Өнеріміз саған – Қазақстан!» республикалық фестивалі «Этноауыл» ұлттық мәдени кешенінің «Ethno Music Hall» концерттік залында өтті. Іс-шараларды ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы.
Шараның ашылу салтанатында «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Александр Тараков сөз сөйлеп, фестиваль қонақтарын арнайы құттықтады:
– «Мың келбет» атты концертті көпұлтты Қазақстанның бір көрінісі деп бағалағанымыз жөн. Елімізде өмір сүріп жатқан халықтарды өзара сыйластық пен Отанға деген махаббат біріктіреді. Елбасымыздың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы адамдардың жан-жақты дамуына өз үлесін қосуда. Өйткені, Ассамблеяға кіретін әр түрлі ұлт өкілдерінің шығармашылығы әр концерт сайын шыңдала түсуде.
Біздің мың бұралған бишілеріміз бен зор дауыс иелері әр елдің ұлттық колоритін көрсете біледі.
Қазақстан өзінің тәуелсіздік жылдары барлық әлемге өзінің ұлтаралық келісімге қол жеткізудегі әрекетті стратегиясын көрсете алды. Көптүрлілікте бірлік қағидасын басшылыққа ала отырып, мемлекет өз әрекетін тек қана Қазақстан халқының мәдениетін жаңғыртуға ғана емес, өшпес диалогты жүргізуге, біздің еліміздің барлық этникалық, конфессиялық топтары арасында жақсы қарым-қатынасты құруға бағыттады.
Сонымен бірге, әр түрлі этномәдени бірлестіктердің мақсаттары мен міндеттері ұқсас. Оның негізінде – ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал ету, этникааралық қарым-қатынастарды жетілдіру, халықтар арасында өзара түсінікті нығайту, ұлттық дәстүрлерді жаңғырту және дамыту жөніндегі мәдени-ағарту жұмыстарын жүзеге асыру, тілді және мәдениетті сақтау, тарихты зерделеу.
Қазақстанның этномәдени бірлестіктерінің «Мың келбет» концерті мен «Өнеріміз саған – Қазақстан!» фестивалі Қазақстандағы этностардың достығын көрсете отырып, Қазақстан халқының бірлігін сақтап, еліміздің мәдени ерекшеліктерін дамыту болып табылады. Бұл жобалар – этномәдени бірлестіктерді біріктіру, Қазақстандағы этностардың мәдениеті, тілі мен дәстүрін жандандыру, сақтау және дамыту.
ымдастыратын концерт деп айтқан болатын, – деді ол өз сөзінде.
Концертте еліміздің этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Ардақ Әлекешев, Серік Ибрагимов, Ксения Сухомазова, Ринат Малцагов, «VoX Acapella Band» және «Алау» тобы өнер көрсетті.
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.