Қоғамдық келісім – татулықтың тірегі
Петропавл қаласында Қазақстан халқы ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестерін құру жөніндегі мәселелер кеңінен және жан-жақты талқылануда. Қоғамдық келісім кеңестері бұл қалада үш кәсіпорында ашылды. Олардың қызметінің негізгі мақсаты – еңбек және өндірістік-тұрмыстық шиеленістердің алдын алу, кәсіпорынды жаңғырту, қолайлы еңбек жағдайларын жасау, қызметкерлерді әлеуметтік қорғау, сондай-ақ өңірді дамытудың өзекті мәселелерін шешуге жәрдемдесу. Сонымен бірге, қоғамдық келісім кеңестері отырыстар мен кездесулерде талқылау арқылы даулы әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерді шешуге көмектеседі.
Петропавл қаласындағы 500 жұмысшыны жұмыспен қамтып отырған «Радуга» кәсіпорнында кеңес отырысы өтті. Сондықтан Қоғамдық келісім кеңесі сияқты құрылымды құру кәсіпорынды одан әрі дамыту, тауарлар мен қызметтер нарығында бәсекеге қабілетті ұстанымын нығайту үшін қажет.
Қазақстан халқы ассамблеясы Солтүстік Қазақстан облыстық хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов өз сөзін ҚХА-ның жұмысына, оның құрылымдық бөлімшелеріне ақпараттық шолудан бастап, қоғамдық институттың мақсаты мен міндеттерін белгіледі. Сонымен қатар, ол «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында іске асырылатын негізгі жобаларды түсіндіріп өтті.
«Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ірі кәсіпорындарда Қоғамдық келісім кеңестерін құру туралы міндет алдымызға қойылды. Бұл даулар мен шиеленістерден құтылып, жемісті жұмыс жағдайын құруға көмектеседі», – деп түсіндірді Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов.
Сонымен бірге, Наиль Салимов ҚКК-ның мемлекеттік мекемелердегі және кәсіпорындардағы жұмысының оңтайлы үлгілерін келтірді. Шынымен, мұндай құрылым қазіргі уақытта қоғамдық жаңғырту жағдайында аса маңызды және тиімді. Айта кетсек, 2017 жылғы бірінші жарты жылдықта, соның ішінде медиация рәсімдерін қолданумен азаматтардың 500-ге жуық өтініштері шешілді.
Кездесу белсенді диалог тәртібінде қызу өтті. Кәсіпорынның қызметкерлері сұрақтар қойып, көзқарастарымен бөлісті, қала көшелерінде, сондай-ақ тұрмыста тап болатын әлеуметтік мәселелерді талдады.