Бүгінгі заман сұранысы
18.08.2017
1197
0

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтіп, ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2017–2018 жаңа оқу жылының басталуына әзірлік барысы туралы есеп берді.

Е.Сағадиев өз сөзінде негізгі тұжырымдамалық ше­шімдердің өткен жылы қабылданғанын айтты. Сондықтан биылғы және келесі жылдың міндеттері – басталған шараларды соңына дейін аяқтап, нәтижелерге қол жеткізу болмақ.
Бұл бағыттағы міндеттердің бірі – 2019 жылдың қыркүйек айында барлық балабақшалар мен мектептерде нөлінші сыныпты енгізуге әзірлік. Оның қатарында «Әліппені» табысты мақұлдау, тәрбиешілер мен педагогтердің біліктілігін арттыру, нормативтік-құқықтық базаны 0+11 бойынша 12 жылдық оқыту цикліне сәйкестендіру мәселелері де бар.
Мектептегі басты міндет – өткен жылы қолға алынған жаңартылған мазмұнға көшу болып қала береді. 2017 жылы оған қосымша 2, 5 және 7 сыныптар көшеді. Сонымен қатар, пәндерді ағылшын тілінде оқыту бойынша ауқымды пилот басталады, оған тіл курстарын бітірген немесе енді бітіретін мың бес жүзден аса мұғалім атсалысады.
Бұдан өзге, мектептердің қамқорлық кеңестерін құру мен одан әрі нығайту, оларға бұрынғыдан да көбірек өкілеттіліктер беру және қамқорлық кеңесте­рінің бақылауымен мектептердің академиялық, басқарушылық, қаржылық еркіндіктерін жоспарлы түрде кеңейту де маңызды. КжТБ мен «Баршаға арналған тегін КжТБ» жобасы бойынша жұмыстар әрі қарай жалғасын тауып отыр.
Жоғары оқу орындары бойынша басты міндет – кәсіби қауымдастыққа, жұмыс берушілерге «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп қазақстандық ЖОО-лардың сапасы, заманауилығы мен нарыққа қажеттілігі тұрғысынан олардың білім беру бағдарла­маларының нақты тізілімін құруға мүмкіндік беретін заңның қабылдануы. Бұл бағыттағы жұмыстар басталды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп ІТ-мамандықтар тізімі таяуда таныстырылатын болады. Бұл нарықтан сапасыз және ескірген бі­лім бағдар­ламаларын алып тастауға мүмкіндік береді.
Оған қоса, ЖОО-лардың академиялық дербестігін арттыру мен қоғамдық бақылауды күшейту формасы ретінде бақылау кеңестерін нығайту жүргізіліп жатыр.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір