Бейнеттен көрер зейнет жайлы
11.08.2017
1110
0

Оқырмандарымыз арасында, оның ішінде қаламгер қауым да бар, зейнетақы жасына жетіп қалған, не зейнетақы жасындағы тұлғалар аз емес. Жаңа зейнетақы жүйесінің айналасында түрлі әңгімелер жүріп жатқан мына заманда талай жыл бойғы бейнеттің зейнетін көрер жасқа жеткенде, зейнетақыны қолға қалай алуға болады, жалпы, Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің қандай жаңалықтары бар деген сауал да көпшілікті қызықтыратыны жасырын емес. Осы жағдайда, бүгінгі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры туралы мәліметтерді оқырмандар назарына ұсынған да дұрыс болар-ау…


Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алудың бірнеше тәсілі бар. Олар:
1. БЖЗҚ дербес қызмет көрсету ор­талықтарына бару арқылы. Са­лым­шыларға ыңғайлы болу үшін бүкіл Рес­публика бойынша 231 дербес қыз­мет көрсету орталықтары ашылған.
2. Пошта мекен-жайы арқылы. Бұл жайында зейнетақымен қамсыз­дан­дыру туралы шартта, жеке зейнетақы шо­тын ашу туралы өтініште немесе қо­сымша келісімде көрсетілген.
3. Электрондық мекенжай арқылы. Бұл туралы да жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініште, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе қосымша келісімде көрсетілген.
4. «Интернет-үзінді көшірме» бө­лімі электрондық цифрлық қолтаңба не­месе салымшының ЖСН (логин ре­тінде қолданылатын) және пароль пай­далана отырып, www.enpf.kz сайты ар­қылы.
5. ENPF ұялы қосымшасы арқылы. Ұя­лы интернет-үзінді көшірме алу үшін БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинет­ке кіру кезінде қолданылатын ЖСН мен пароль пайдаланылады.
6. Egov.kz электрондық үкімет пор­та­лы арқылы. «Азаматтарға» сана­тындағы «Әлеуметтік қамсыздандыру» ай­дары, «Зейнетақымен қамсыздан­дыру» бөлімі. Қызметті алу үшін ЭЦҚ мен электрондық үкімет порталына тір­келу қажет.
«Қазақстан Республикасында зей­нетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 31-бабының 1-тармағы, бі­рінші және екінші тармақшаларында көр­сетілгендей, міндетті зейнетақы жар­налары және міндетті кәсіптік зей­нетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне құ­қығы бар тұлғалар мыналар:
1. 63 жасқа толған ерлер, 58 жасқа тол­ған әйелдер;
01/01/2018 жылдан бастап 58,5 жас;
01/01/2019 жылдан бастап 59 жас;
01/01/2020 жылдан бастап 59,5 жас;
01/01/2021 жылдан бастап 60 жас;
01/01/2022 жылдан бастап 60,5 жас;
01/01/2023 жылдан бастап 61 жас;
01/01/2024 жылдан бастап 61,5 жас;
01/01/2025 жылдан бастап 62 жас;
01/01/2026 жылдан бастап 62,5 жас;
01/01/2027 жылдан бастап 63 жас.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қа­зақстан Республикасы кодексінің 160-бабы 1-тармағының 3) тармақ­ша­сы­на сәйкес, БЖЗҚ-дан төленетін зей­нетақы төлемдері табыс салығы са­лынатын табысқа жатады.
Зейнеткерлік жасқа толмаған адам қай­тыс болған жағдайда, оның отбасы­на не марқұмды жерлеген адамға ай­лық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшері шегінде, бірақ жеке зей­­нетақы шотында бар қаражаттан ас­пайтын мөлшерде жерлеуге ар­нал­ған біржолғы төлем төленеді.
2017 жылы жерлеуге арналған бір­жол­ғы төлем сомасы – 118 895,60 тең­ге.
Зейнетақы жинақтары бар адам қай­тыс болған жағдайда, жинақталған қар­жы Қазақстан Республикасының заң­намасында белгіленген тәртіппен мұ­раға қалдырылады. Зейнетақы тө­лем­дерін қайтыс болған адамның отбасы мүшесінің, не марқұмды жерлеген адамның банк шотына аударады.
Бұл ретте БЖЗҚ зейнетақы төлем­дерін:
1. Қазақстан Республикасы ау­ма­ғында екінші деңгейдегі банктерге Қа­зақстан Республикасының ұлттық валю­тасында төлейді;
2. Шетелдік банктерге төлемдер: АҚШ доллары, еуро, фунт стерлинг, рубль валюта түрлері бойынша ау­дары­лады.
Зейнетақы жинақтарын аудару, есептеу мен төлеуге байланысты банк қызметкерінің ақысы БЖЗҚ-ның мен­шікті қаражаты есебінен жүргізіледі, бұған оларды айырбастау және шетел­дік банктерде ашылған алушылардың банк шоттарына есептеу қызметтері қосылмайды.

Рыскүл Жұмабаева.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір