«Ұлы дала елі» тарихи-танымдық экспедициясы
11.08.2017
1271
0

Қазақстан халқы Ассамблеясының Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен еліміздегі құндылығы жоғары, тарихи-мәдени мұралармен танысу мақсатында Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларына саяхат жасалды.

Топ құрамында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хат­шылығының басшысы Ләйлә Төрешова, «Қоғамдық келісім» КММ директоры Уәлихан Ибраев, директордың орынбасары Рахима Ахметова, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, ғылыми-сараптамалық топ, журналистер мен сарапшылар клубының және жастар қанатының мүшелері болды.
Ләйлә Бегалықызының айтуынша, «Ұлы Дала Елі» тарихи-танымдық экспедициясының мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында атап өткен «Туған жер» бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысындағы тарихи-мәдени мұраларға саяхат жасау арқылы Отырар, Сауран, Сығанақ сияқты орта ғасырлық қалалар, сон­дай-ақ, Арыстанбаб және Қожа Ахмет Иассауи археологиялық ке­сенелер тарихымен танысу. Қазақстан халқының рухани құн­дылықтарын насихаттау мен оқып-үйрену негізінде қазақ­стан­дықтардың бірегейлігін, ұлттық бірлігін нығайту. Алдағы уа­қытта өңірдің этнос өкілдеріне басқа да киелі жерлерді көрсетіп, олар арқылы бүкіл диаспоралардың туған өлкенің тарихы мен мол рухани құндылықтар туралы білімдерін арттыру, отан­сүй­гіштік қасиеттерді күшейту.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір