Тарихи-танымдық, патриоттық кеш
02.04.2026
25
0

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі №1 Балалар кітапхана-бөлімшесінің ұйымдастыруымен 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің 40 жылдығына орай «Желтоқсан желі ызғарлы» атты тарихи танымдық, патриоттық кеш JOS қаржы лицейінде өтті.

Іс-шараға Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының иегері, өлеңмен жазылған «Аягөз» атты тарихи романның, «Аққу-жүрек», «Бастау», «Қарлығаш», 1986 жылғы әйгілі Желтоқсан көтерілісі туралы елімізде тұңғыш рет жазылған «Зобалаң» дастанының авторы, дарынды ақын Жұмаш Кенебай және патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, Серік Нәсілжанұлы қатысты.
«Желтоқсан – тәуелсіздік бастауы» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, оқушылар Әнұран орындады, Қайрат Рысқұлбековтың «Соңғы сөз» өлеңі оқылды, М.Шахановтың «Мұзда жанған алау» және тағы басқа тақырыпқа сай өлеңдер мәнерлеп оқылды. «Алаш»күйі орындалып, «Қара бауыр қасқалдақ», «Атамекен» әндері шырқалды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір