БИЗНЕС – ИДЕЯДАН БАСТАЛАДЫ
21.07.2017
2243
1

Компьютерлік технологиялар дамыған заманда екі адамның бірінің қолынан ұялы смартфондарды көресіз. Оны қолданушылар аз болмағанымен, сол технологияны жетік меңгергендер көп деп те айта алмаймыз. Әйтсе де, соңғы кезде жастардың IT саласына қызығушылығы арта түскендей. Осы салада білімін шыңдап, түрлі жаңа программаларды іске қосып жүрген жастар бар. Біз әңгіме өрбіткен кәсіпкер, «Wake up Technology» IT-компаниясының директоры Асхат Абжанов Елбасы айтқан «100 жаңа есім» жобасына кіруге лайық деп ойлаймыз. Қазақстандағы IT саласы төңірегінде сұхбаттасқан едік.


Асхат АБЖАНОВ, кәсіпкер,

Республикалық «Жаңа Ұрпақ» Көшбасшылық мектебінің директоры

– «Wake up Technology» IT-ком­­­паниясының дирек­торысыз. Бас­тапқыда кәсіп ашу оңайға түс­пеген болар? Бизнес баста­ған­да ең алдымен нені ескеру ке­рек?
– Бастапқыда, әрине, қиын­­дық­тар болды. Бірін­ші­ден, на­рық­ты және өнімді нақ­ты тү­сін­беуім. Өйткені, мен IT маман емес­пін және бұл сферарада жұ­мыс істеп көр­меппін. Бірақ біл­мейтін сфе­рада бизнес жүр­гізе­мін деп ­шештім. Сондықтан дұрыс ше­­шімдер қабылдауда, аргу­мент­­тер іздегенде әр түрлі мә­­селелер туындады. Мен тек өз командама сендім және олар маған үлкен көмек болды. Ал биз­несті неден бастау ке­рек де­сеңіз, оны белгілі бір идеядан, арманнан бастау ке­рек деп ой­лаймын. Өйткені, мен үшін биз­нес тек пайда табу емес, ол қо­ғамға пайдалы бо­латын, олар­дың өмірін жақ­сар­татын, өз­гертетін өнімді, не қызметті ой­лап табу. Сон­дықтан алдымен «мен адам­дар­ға пайдалы не жа­сай аламын?», «немен кө­мек­те­се ала­мын?» деген сұрақтарға жауап беру, сондай-ақ, бұл жұ­мыс менің өзіме қатты ұнай­тындай болуы керек. Сонда ға­н­а адамдар нарық алғыс ре­тін­де материалды және ма­те­риалды емес қайтарым жа­сап, осы сәтте ол бизнес болады.
– Республикалық «Жаңа Ұрпақ» Көшбасшылық Мек­те­бін басқарасыз. Оның жұмыс­тары жөнінде тоқталып өт­сеңіз.
– «Жаңа Ұрпақ» рес­пуб­ли­калық орталығының қыз­мет етіп отырғанына екі жыл бол­ды. Орталығымыз жастарды, әсіресе оқушыларды көш­басшылық, ораторлық, ком­муникациялық қабі­лет­терін дамыту және телефонға тәуел­ділікті төмендету бары­сын­да мотивациялық, пси­хо­логиялық және практикалық тре­нингтер ұйымдастырады. Осы күнде орталық еншісінде он төрт көшбасшылық лагері, үш шабыттандыру модулі, екі профориентациялық бағ­дар­лама курсы, бес мыңнан астам тренингтен өткен адамдар, Қа­зақстанның он бес қала­сы­нан келген қатысушылар, ЮНЕСКО-ның ресми клубы дә­режесін алуы және т.б. же­тістіктері бар.


Біл­мейтін сферада бизнес жүр­гізе­мін деп шештім. Сондықтан дұрыс шешімдер қабылдауда, аргументтер іздегенде әр түрлі мә­селелер туындады. Мен тек өз командама сендім және олар маған үлкен көмек болды. Ал биз­несті неден бастау керек де­сеңіз, оны белгілі бір идеядан, арманнан бастау керек деп ой­лаймын. Өйткені, мен үшін биз­нес тек пайда табу емес, ол қо­ғамға пайдалы болатын, олар­дың өмірін жақсартатын, өз­гертетін өнімді, не қызметті ой­лап табу.


– Қазір компьютерлік тех­но­логиялардың заманы бол­ған­дықтан жастардың көпші­лі­гі IT саласына барғысы ке­ле­ді. Кез келген адам бұл саланы мең­геріп кете ала ма?
– Иә, IT технология қазір қар­­қынды даму үстінде және бү­кіл әлемде ең үлкен сұра­ныс­қа ие сфера болып саналады. Өйткені, қазір барлығы БАҚ, теледидар, пошта, бар­лық төлем процестері интернет жүйесіне ауысуда. Сон­дық­тан сапалы, про­фес­сионалды программисттерге әрдайым сұра­ныс болады. Бірақ бұл ма­ман­дық барлық адамға емес, тех­никалық бағыттағы, ана­ли­тикалық, логикалық ойлау қа­білеті жоғары адамдарға ар­налған. Яғни әркім өз ерек­шелігіне, талантына қарай жұ­мыс істеуі керек деп ойлаймын.
– Өз салаңызда Қазақстан­ға аз да болса үлес қостым деп ой­лайсыз ба? Және еліңізге пай­да әкелген іс ретінде нені атаған болар едіңіз?
– Біздің коман­да­мыз­дың жасап жатқан істері әзірге мұ­хитқа су құйғандай болатын шығар. Бірақ сол әрбір там­шы таза, мөлдір, сапалы бол­са, бір күні мұхиттың өз­геретіні анық және мен оған сенемін. Ал үлес қосқанымды, не қоспағанымды ел бағалай жа­тар.
– Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен Н.ЖАҚЫПҚЫЗЫ.

ПІКІРЛЕР1
Аноним 11.11.2019 | 08:30

Өте керемет БҰЛ идеялар маған ұнады келешекте ТАҒЫ шығарарсыздар деп үміттенемін

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір