Тұғырлы тұлғалар
21.07.2017
843
0

Таяуда тарихи-танымдық «Тұлғалар тұ­ғыры» атты кітап баспа жүзін көрді. Бір айта ке­тетін нәрсе, аталған жинақтың шығуына мұ­рын­дық болған, жанашырлық танытқан, қа­зақтың белгілі жазушысы – Марал Ысқақ­бай ағамыз. Аталған еңбекке жазушының «Мүйіз­ді Өтеген» атты Өтеген батыр туралы, «Домбырасы ұрандаған Байсерке», «Тәкен сал Бай­ғұт­тыұлы» атты белгілі өнерпаздар жайлы қыз­ғылықты да құнды шығармалары еніп отыр.

Кітапқа, сонымен бірге, әйгілі Қордай асуы­ның күнгей-теріскейін мекендеген, атақ-даңқы Жетісу мен Шу бойы­нан асып Алаш жұртына жайылған Кебекбай, Ноғайбай шешендер сияқты ел бастаған билердің, атақты жыраулар, Қордай өңірін ғана емес, қазақ даласын ән-жырға бөлеген Кенендей дүл­дүл­дер жайлы белгілі ғалымдардың, қаламгерлердің, әдебиет зерт­теушілерінің мақалалары топтастырыл­ған. Тарихты халық жасайды десек те, жеке тұлғалардың сол тарих­тағы орны айрықша, өзгеше. Сол тұрғыдан келгенде, жарық көріп отырған кітаптың жас ұрпақты елдік, ерлік, отансүйгіштік рухта тәрбиелеуде берері мол деген се­нім­деміз.

ПІКІР ҚОСУ