Менің тағдырым – елімнің тағдыры
Петропавл қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Менің тағдырым – елімнің тағдыры» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасында іске асырылатын қоғамның осы заманға, біздің замандастарымыздың тарихына назар аударуға бағытталған ұсынысына үн қосу кітабы.
«Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасы – осы жылдар ішінде жетістікке жеткен әр аумақтың, әр жас пен ұлттың 100 нақты адамының тарихы.
«Тек жалпыұлттық емес, сонымен қатар, аймақтық «100 жаңа тұлға» жобаларын құру қажет. Біз ұлттың алтын қорын құрайтын адамдарды білуіміз керек!» деген Елбасы сөзіне орай, Қазақстан халқы Ассам-
блеясының және «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері арнайы осы кітапты даярлап шыққан болатын.
Кітапта саясаткер мен ұстаздар, жоғары мектеп өкілдері, дәрігерлер мен мәдениет қайраткерлері, кәсіпкерлер мен ауылшаруашылық басшыларымен таныстырады. Олардың әрқайсысының өз тағдыры мен өмірбаяны бар, қарапайым мінезі, еңбексүйгіштігі, тәжірибесі, табыс жолында бағындырған биіктері қазіргі ұрпаққа ғана емес, сонымен қатар, келешек ұрпаққа да қызықты әрі маңызды.
«Бұл кітапта тек біздің кездегі емес, сонымен қатар, алдыңғы буындардағы табысқа жеткен адамдар көрсетілген. Ол Отанды сүю ісіндегі кішкентай кірпіш болады. Н.Ә.Назарбаевтың бағдарламалық мақаласынан өзіміз білетіндей, отансүйгіштік өз жерін, ауылын, қаласын, аймағын, кіші Отанын сүйе білуден басталады», – деді Н.А.Иванова.
«Біздің кітап – ғасыр басындағы елдің ұжымдық портреті. Онда біз жалпы игіліктер жолында еңбек атқарып, мықты ел құрып, оның рухани және материалдық құндылықтарын сақтап, көбейтіп жатқан адамдар туралы айтамыз», – деді кітап редакторы Галина Воробьева.
Кітаптың тұсаукесерінде кітап кейіпкерлері, қоғам қайраткерлері, БАҚ, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясындағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ардагерлер, жастар, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының және «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері болды. «Звонница» орыс және қазақ әндерінің халық хоры ұйымдастырған концерт жиналған қауымға мерекелік көңіл-күй, отансүйгіштік сезімін сыйлады.