АУЫСТЫРЫЛҒАН ЖҮРЕК
23.06.2017
1102
0

Елорданың кітапсүйер қауымы «Көрме» орталығындағы II Еуразия халықаралық «Eurasian Book Fair-2017» кітап көрме-жәрмеңкесі аясында өткен ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сәуле Досжанованың «Мое чужое сердце» атты жаңа кітабының тұсаукесерінде бас қосты.
«Фолиант» баспасынан жарыққа шыққан жаңа кітапқа үш хикаят пен әңгімелер енгізілген. Соның ішінде «Өгей жүрек» хикаяты оқырман қауым­ның ерекше қы­зы­ғушылығын оятты. Онда Жәнібек атты жігіттің жүре­гін ауыстырған еліміздегі ең мықты кардиохирург, «Ұлттық ғылыми-кардиология орталы­ғы­ның» басшысы Юрий Пяның адам өмірін арашалап қалған ерен ерлігі баяндалады. Бес жыл бұрын жүрегін ауыстырған Жәнібек қазір екі баланың әкесі. Кітапты орыс тілінде сөйлеткен аудармашы – Ғұсман Төлеғұл. Демеушілері – Қазақстандағы корейлер ассоциациясы мен ҚР Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаттары. Кітаптың лентасын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев пен «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы, Қазақстанның Еңбек Ері Юрий Пя қиып, оқырмандарына ақ жол тіледі.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір