«Алтын той» құтты болсын!
09.06.2017
1465
0

Таяуда ғана Тұрсынбай Байболұлы Исламияттың негізгі бес парызының бірі – қажылықты өтеп, сүйікті пайғамбарымыз, «Адамзаттың асыл тәжі», хазіреті Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) туған топырағы – Меккеге барып келді. Тұрсынбай әкеміз бен Қалыш анамызды жуырда өткен «Алтын тойымен» құттықтап, көкірегі хат қарияның тілеген тілегі, жасаған дұғасы, құлшылық-ғибадаттары, әр қайырлы амалдары қабыл болғай дей келе, бақыт, амандық, денсаулық, өзінен кейінгі ұрпағына сабыр, ғидаят, береке-бірлік тілейміз. Және де атамыз бен оның отбасы мүшелерінің қасиетті Рамазан айында тұтқан оразасы, оқыған намазы, берген пітір садақасы қабыл боп, Жаратқан Жаппар Хақ бәрімізге келесіге дейін айдан аман, жылдан есен жақсылықпен жеткізе бергей. Аумин!

Игі тілекпен, Байбол әулеті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір