Қазақ мінезі қалай өзгерді?
Дәстүр – ұлттың ғасырлар бойы бірге жасасып, жалғасып келе жатқан өмір сүру қағидасы. Қазақтың қай дәстүрін алсақ та ақылға қонымды, хақ дінге сыйымды. Бабадан жалғасқан сол ғұрыптарымыздың бүгінде қаншасын сақтап, күнделікті өмірде қолданып жүрміз? Қаншасы өткен күннің еншісінде қалып қойды? Зерттеушілер ХХ ғасырдың қазақты ата дәстүрінен алыстатып жібергенін айтады. Олай деуге негіз де жоқ емес. Осыдан бір ғасыр бұрын «Алаш» газетінде Семей семинариясында оқитын Ж.Аймауытов пен М.Әуезовтің «Қазақтың өзгеше мінездері» атты мақалалары басылыпты. Сонда: «Қазақтың тумысы өзгерді. Кигіз үйде қыстап, суыққа шынығып, қуатты, қайратты, денелі өсетін қазақ, тағалығы жоқ, аласа жер үйге кіріп, аурулы, нашар болып, мыжғырланып, еңсесі көтерілмей өсетін халге түсті» деген жолдар бар. Бұл – қазақ көп зобалаңды әлі де бастан кешірмей тұрған 1917 жылдың наурызы еді. Ұлт жанашырлары сол кезеңде халық дәстүрінің өзгеріп бара жатқанына алаң қылып, мәселе көтеріпті. Ал бүгінгі қазақтың мінезі мен болмысы туралы кім бас қатырып, балтыр сыздатып жатыр? Рас, өткен ғасыр қазақты төл тірлігінен жаңылдырды, еңсесін езді, дәстүрінен адастырды. Бір ғана ашаршылықтың өзі өр кеуде, еркін халықтың сағын сындырып, жалтақ, жасық, рухсыз етіп тастады. Біз бүгін сол иілген еңсемізді әлі де тіктей алмай жүрген секілдіміз. Кешегіден аманатқа қалған ата дәстүрімізден адасып, жаңа заманға болмысымыз емес, сырт келбетіміз ғана қазақ болып ілесіп бара жатқанымызды түсінгенімізбен, түзелуге ниет таныта қоймаймыз әлі. Әйтеуір өзгенікін өлердей құрметтеп, өзінікіне немқұрайлы қарайтын бүгінгі жұрттан:«кім болсақ та мейлі, әйтеуір қазақ болмасақ болды» дейтін сыңай байқалатындай. Бәлкім, бұл өткен күннен қалған үрей болар. Ол үрей сейілу үшін не істемек керек? Философ Тұрсын Ғабитов пен тарихшы Зиябек Қабылдинов мырзалардан қазақтың дәстүрден қол үзу себептері мен дәстүр мен жаңашылдық арасында алтын көпір орнатудың жолы жөнінде сұрап көрген едік.
Зиябек ҚАБЫЛДИНОВ,
тарихшы
Қазақтың нәубет ғасыры
Расында, ХХ ғасыр қазақтың дәстүрлі қоғамына айтарлықтай өзгеріс алып келді. Өткен ғасырдың халқымызға тигізген орасан зардабын санамалап қарасақ, мұндай ауыр сынақтан кез келген халық майырылмай өте алмайтынын түсінеміз. Халқымызға Ресей империясы тұсында бағытталған ауыр соққы Кеңес Одағы кезеңінде одан әрі күшейді. Сөйтіп, қазақ халқының айрандай ұйыған тірлігін шайқап жіберді. Мәселен, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ өзінің дәстүрлі шаруашылығынан айрылды. Себебі, мал бағатын кең өрісі, бабасынан қалған шұрайлы жерлерінен ығыстырыла бастады. Ғасырлар бойы төсін еркін жайлаған ата қонысынан, құрмет тұтқан ата-баба зиратынан алыстап, шөп шықпайтын тақыр, шөлді жерлерге күштеп көшірілді. Ақыры шаруашылық, экономика жағынан дағдарысқа ұшыратты. ХХ ғасыр басында елімізге христиан дінінің миссионерлерін жіберіп, шоқындырмақшы болды. Ол аздай 1916 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс уағында қазақтарды тыл жұмысына алуға жарлық шығарды. Сол тұста әскер бермейміз деп көтерілген халқымыз біраз саңлақтарынан айрылып қалды. Оның соңын ала бере 1921-22, 1932-33 ж.ж. ашаршылық келді. Соңғы деректерге қарағанда ашаршылық нәубетінде қазақ халқының 70 пайызы жойылып кетіпті. Егер ХХ ғасырдың басында 6 млн.-дай қазақ болса, ашаршылық кезінде соның
4 млн.-дайын жоғалтыпты. Ал жүз мыңдай қазақ Қырғызстанға барып жан сақтады деген дерек бар. Бір таңғаларлығы, тілі мен ділі де, тірлігі де қазақтікімен бірдей қырғыз халқы сол ашаршылықтың зардабын тартқан жоқ. Себебі, олардың сол тұстағы бірінші хатшысы Әбдірахманов деген азамат халқына: «Бір киллограмм ет те, бір килограмм астық та Ресейге жіберілмесін», – деп қадағалап отырған. Ал бізге ол кезде Голощекин келіп, қазақ байларын қудалап, малы мен байлығын тартып алып, кедейшілікке ұшыратқан еді. Ақыры, 1932-33 ж.ж. қазақ даласын орасан зор аштық жайлады. Аң, құс, жәндік былай тұрсын, қазақ бір-бірін жейтін жағдайға жетті. Ақыры өлетінін біліп балаларын мойнына тас байлап суға тастайтын, «өлсе, осында өлсін» деп зиратқа байлап кететін жантүршігерлік жағдайлар болды. Ол аз десеңіз, қазақ зиялыларын саяси қуғын-сүргінге ұшыратып, қырды, қазақ жерінде лагерьлік жүйе жасап, қазақтарды сол лагерьлерге тоғытты. Ал Екінші дүниежүзілік соғыс қазақ демографиясына тіпті ауыр соққы болып тиді. Енді есін жиып келе жатқан халық бас көтерер азаматтарын соғысқа аттандырды. Яғни жалпы халықтың жиырма алты пайызы ұрыс даласына кетті. Өзге мемлекеттерде мұндай көрсеткіш болған жоқ. Фашистік Германияның өзінде бұл көрсеткіш он екі пайызға тең екен. Одан бергі кезеңдер де қазақ үшін жайма шуақ бола қойған жоқ. Ақмолада немістерге автономия береміз деген дүрбелең болды. Тың игереміз деп жайылымдық, өрістік жерлердің бәрін құртты. Сырттан келімсек ретінде небір қылмыскерлер, ішкіштер, бұзақылар ағылып келіп жатты. Олар тұрғылықты халыққа кері әсерін тигізді. Жалпы алғанда, ХХ ғасыр қазақты әбден есеңгіретіп, ішкі болмысын өзгертіп, ата дәстүрінен алыстатып тастады. Біз қазақы болмысымыздан мүлдем айрылып қалудың алдында қалдық. ХХ ғасыр үлкенге құрмет, кішіге көмек, ағайынмен татулық, әруаққа тағзым, ел мен жерге сүйіспеншілік, өзара сыйластық, қонақжайлылық, намысқойлық пен ар-ұят деген секілді көнеден келе жатқан дәстүрлерімізден қол үздіре жаздады. Содан бері әлі де есімізді жинай алмай келе жатырмыз. Тәуелсіздік алған уақыттан бері көбіне материалдық құндылықтарға, экономиканы көтеруге көңіл бөліп келдік. Кешегі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы халық жиырма алты жыл бойы аңсап күткен дүние еді. Енді өткенімізді түгендеп, жоғалғанымызды жаңғыртып, дәстүрімізді қайтармасақ, біз ұлт болып ұйыса алмаймыз.
Егер бүгін Қазақстанда қазақша түсінбейтін қазақ, үлкенді сыйламайтын жастар пайда болса, бойжеткендеріміздің жарты млн.-дайы тұрмыс құрмай жүрсе, тұрмыс құрғандардың жартысына жуығы қайтып ажырасып, азаматтарымыздың аңсары әйел затына емес бір-біріне ауып кетсе, үйсіз-күйсіз қазақ өз елінде қаңғырып жүрсе, осының барлығы жиырмасыншы ғасырдың ұлтымызға тигізген зардабының салдары дер едім.
Тұрсын ҒАБИТОВ,
философ
Жаңашылдық дәстүрмен үйлессе
Дәстүр сөзі араб тілінде «ереже», «заң» деген мағынаны білдіреді, кейбір араб елдерінде ол «конституция» мағынасында қолданылады. Қазақ дәстүрлері дала заңдары мен ислам шариғатының үйлесімді қосылуының нәтижесінде қалыптасқан. Жаңашылдық пен дәстүр – мәдениет дамуы үдерісінің екі жағы. Мәдениет тұрақты және өзгермелі сәттерден тұрады. Мәдениеттегі тұрақтылық, «инерциялық» – бұл дәстүр. Дәстүрде мәдени мұрагерлік элементтері – идеялары, құндылықтар, дәстүрлер, салттар, дүние тану тәсілдері сақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Соның арқасында қоғам дамиды, өйткені жас ұрпақ велосипедті ойлап табумен айналыспайды, адамның қол жеткізген тәжірибесін, мәдениет нормасын игереді.
Дәстүрлер жүйесі қоғамдық организмнің тұтастығын, тұрақтылығын бейнелейді. Оған өрескел қарауға болмайды, өйткені мәдениеттің нәзік және күрделі механизмдері бұзылуы мүмкін. Ескі рухани құндылықтарды, тарихи естелікті ұмыт қалдырып, рухани өмірді жақсарту мүмкін емес. Екінші жағынан, мәдениет жаңарусыз болмайды. Шығармашылық, өзгеріс қоғам дамуының екінші жағы болып табылады. Дәcтүр мeн ұжым eтeнe біріккeндe бір орындa тұрaқтaп қaлу мәceлecі туындaйды. Оcы орaйдa Ф. Бэкон дәcтүрді тeк бір орындa тeжeліп қaлaтын, aры қaрaй дaмуғa итeрмeлeмeйтін үрдіc дeп cынғa aлaды. Дәcтүр мeн жaңaшылдықтың өзaрa әрeкeттecуі төмeндeгілeрдің пaйдa болуынa әкeлуі мүмкін:
– Инновaцияның eнуінeн кeйін, нaқты cол дәуірдің дәcтүрінің жойылуынa әкeлeді. Әcірece бұл жaғдaй, қоғaмдaғы дәcтүр әлcіз, тұрaқcыз болғaндa іcкe acaды. Cол кeзeңдe дәcтүр күрдeлі жaңaшылдықты тaлaп eтіп, инновaция дәcтүрді aлмacтырaды, әлeумeттік-мәдeни ортaны бacымдыққa aлaды. Дeгeнмeн, жaңaшылдық дәcтүрдің caқтaлу, жалғасу, caбaқтacу cияқты қырлaрын өз бойынa cіңірe aлaды. Бұл жaғдaйдa дa жaңaшылдықтың қоғaмғa eнуі өтe қиынғa cоғaды. Бір жaғынaн жойылғaн дәcтүр қaйтa жaңғыртылуы дa мүмкін.
– Дәcтүрді қaтaң ұcтaнып, жaңaшылдықтың қоғaм мәдeниeтінe eнуінe бaрыншa кeдeргі жacaлaды. Бұл жaғдaйдa дәcтүр жaңaшылдықты толығымeн жояды. Кeз кeлгeн жaңaшылдық қоғамға тeк дәcтүрмeн үйлece aлғaндa ғана eнe aлaды. Бұл әрeкeттecтіктің нәтижecіндe жaңaшылдық жойылып, оны дәcтүр бacымдыққa aлaды дa, инновaциялық үдeріcтeрдің дaмуынa мүмкіндік бeрмeйді. Бір жaғынaн дәcтүрдің қaтaң caқтaлуы, жоғaрыдa aтaп өткeніміздeй, қоғaмның тұрaқcыздaнып, конceрвaтизмнің күшeюінe әкeлeтіні aнық. Aл басқа жaғынaн дәcтүр өзгeргeн инновaциялық контeкcтe әлeумeттік-мәдeни ортaдa caқтaлып тa отырaды. Бұл жaғдaйды қоғaмды бacымдыққa aлғaн дәcтүр, оның тұрaқcыздaнуынa әкeлeді. Ұлттық мәдениеттің трансформацияға ұшырау кезеңінде дара тұлғалардың ролі (көсемдер, данышпандар) күрт өседі. Олар әуелі өз менталитетін жетілдіріп, сосын халыққа үндеу салады. Алайда, әдетте консервативтік топтар оларға қарсы да шығып жатады. Халық жаңа өмір салтын жақтаған адамдарға кейде күдікпен қарайды. Мәселе – осындай шешуші арпалыс кезеңде халық өзіне шын жол көрсететін тұлғаларды тани білуінде, қастерлеуінде, соларға құлақ асуында. Сонда ұлт өтпелі кезеңнен сүрінбей өтіп, мұратына жетпек.
Қазіргі таңда, өкінішке орай, орын алып отырған рухани тоқыраушылық кез келген адам баласына толыққанды өмір сүруге қиындық туғызып отыр. Яғни адам баласы өз-өзін толықтай жетілдіре алмай отыр. Қоғамдағы бақталастық, жемқорлық, біреудің ала жібін аттау, обал немесе сауап деген түсініктерді елемеу, нәпсіқорлық, әрекеттердегі шектеусіздік, ар-ұятты таптау, адами абыройды аяққа басу деген келеңсіз әрекеттер осыған кедергі болып отыр. Осындай жағдайлардың болуының себебін қарастырып, осы келеңсіз жағдайлардан шығу жолын табу қажет.
Қазақ мәдениетінің қазіргі таңдағы жаһандану кеңістігіндегі инновациялық үрдістері дегенде алдымен оның ұлттық мәдениетінің бет-келбеті соншалықты неге айқын емес деген мәселенің басын ашып алуымыз керек. Қазақстандық философ Дәулетбек Раев жазғандай, бізде негізгі қиындықтарды туғызып отырған мыналар:
– батыстық бұқаралық мәдениеттің үстемдік етуі (яғни кең таралуы);
– мемлекеттік ұлттық саясаттың шектілігі;
– ұлттық мәдениеттің, әсіресе жастар арасында, үлкен де тұрақты беделге ие болмауы;
– ұлттық мәдениетті дәріптейтін абыройлы азаматтардың жеткіліксіз болуы (болған жағдайда, ол азаматтардың қоғам өмірінің өзге салаларына бет бұруы – саясат, сауда-саттық, т.б.).
Инновациялық мәдениеттің негізгі мақсаты – ескі (өткен шақ, «классика»), қазіргі (осы шақ, «модерн») және жаңа (болашақ, «футур») арасындағы тепе-теңдікті қалыптастыру және оны сақтау. Инновациялық қабылдау ескі, қазіргі және жаңадан алатыны тең көлемді болмағандықтан, кей кездері, ескінің бөлінуіне, қазіргінің мобильденуіне және жаңаның экспансиясына түрткі болады. Әрбір ұлт, халық, қоғам, жеке адам мәдениеті өзгешелігін осы үштіктің өзара тәуелділігі қамтамасыз етеді.
Дайындаған
Айнара АШАН.
ПІКІРЛЕР2