Республикалық бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы байқаудың қағидасы
Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония 2017 жылғы 1 ақпан – 20 мамыр күндер аралығында МКҚК журналистерге байқау өткізіледі.
1. Байқаудың мақсаты
Республика көлемінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Ш.Қалдаяқов атындағы филармония мәдениет саласындағы жаңалықтарын кеңінен насихаттап, өнер жұлдыздарының жетістіктерін жариялап, шығармашыл қауымға қолдау көрсету.
2. Байқаудың талаптары мен шарттары
– Байқауға республика көлеміндегі барлық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдары қатысады. Республика көлеміндегі облыстар мен қалалардан қатысатын үміткерлердің санына шек қойылмайды.
– Байқауға материалдар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады (таңдауы бойынша).
– Байқау екі номинация бойынша өтеді:
1. «Үздік телевизиялық сюжет»;
2. Өңірлік БАҚ-тағы үздік материал және «Ақпараттық агенттіктердегі жарияланым».
– БАҚ-тағы Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әртістерімен сұхбат, мақалалар, телебағдарламалар материалдары ұсынылады.
– Қазылар алқасы байқауға ұсынылған материалдарды жабық түрде саралап, номинациялар бойынша үздіктерді анықтайды.
– Байқау қорытындысы 2017 жылғы 29 мамырда салтанатты түрде жарияланып, жеңімпаздар марапатталады.
Қазылар алқасы ұсынылған материалдардың көркемдік деңгейіне, жан-жақты қамтылу аумағына, қозғалған мәселелердің өзектілігіне, көркем теңеу мен астарлы сөздерді орынды қолданып, тақырыпты аша білуіне, байқаудың мақсатын ұғына отырып, ұтымды да орынды ой тастаудағы қабілетіне, кәсіби шеберлігіне, жоғары журналистік мәдениетіне назар аударады.
3. Жеңімпаздарды марапаттау
Байқауды ұйымдастырушылар мен қазылар алқасының ұйғаруымен жеңімпаздарға жүлделі орындар белгіленіп, марапатталады. Қазылар алқасы белгіленген орындардың кейбіреуін бермеуге немесе өзгертуге құқылы.
«Үздік телевизиялық сюжет» номинациясы бойынша:
І орын (біреу) – 100000 теңге;
ІІ орын (біреу) – 75000 теңге;
ІІІ орын (біреу) – 50000 теңге.
Арнайы жүлделер:
– Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның арнайы жүлдесі. Жыл бойына өткізілетін концерттерге (облыстық филармонияның ұйымдастыруымен өткізілетін) «Арнайы шақыру билеті» (екеу) сонымен қатар ынталандыру сыйлықтары беріледі.
Байқауға қатысу үшін ұсынылатын құжаттар:
– Тиісті мекемелердің жолдамасы;
– Материалдардың түпнұсқасы немесе көшірмесі;
– Аудиовизуалдық жұмыстар эфир анықтамасымен бірге (cd, dvd дискілерінде, flash-тасымалдағышта немесе файлмен алмасуда жүктеуге берілген сілтемелер түрінде) ұсынылуы керек;
– Үміткерлердің шығармашылық өмірбаяны;
– 9х14 көлеміндегі 2 дана түрлі-түсті фотосуреті;
– Жеке куәлігінің және СТН көшірмесі;
– Банктен 20 сандық есептік шот нөмірі;
– Байланыс телефондары.
Барлық құжаттар мына
мекен-жайда қабылданады:
«Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық
филармония».
Индекс: 160011, ОҚО, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 9 үй.
Байланыс телефондары: 8 (7252) 53-46-00, факс: 53-48-20.
Электрондық пошта: filarmonia.2014@mail.ru.
Ұйымдастыру алқасы байқауға қатысу құжаттары 2017 жылдың мамыр айының
20-шы жұлдызына дейін қабылданады.
Байқауды ұйымдастырушылар:
Оңтүстік Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының «Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.