Әуезов әлемі
14.04.2017
2409
0

Алматы қаласы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында жазушы, ғалым, профессор, академик Мұхтар Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына орай «Әуезов әлемі» атты көркем безендірілген көрме өтті.

Аталмыш шараға мәдениеттанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ғалым, М.Әуезов қорының  президенті Мұрат Мұхтарұлы Әуезов, Мұхтар Әуезов мұражайының директоры  Диар Асқарұлы Қонаев және филология ғылым­ы­ның кандидаты, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, әуезовтанушы Келіс Рахымжанов қатысты. Жазушының ұлы Мұрат Әуезовке көрме көрермендері тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды. Диар Асқарұлы жастарға өзі басқарып отырған мұражайға келіп, жазушының өзі тұрған үйді, ұстаған заттарын көруге болатынын айтып, мұра­жайға шақырса, Келіс Рахымжанов қазіргі таңда жазушы Мұхтар Әуезов шығармаларының аудару мәселесіне тоқталды. Шараға Алматы қаласындағы көп салалы Жамбыл Жабаев атындағы №161 лицей, №110 лицей оқушыларымен қатар, Алматы индустриалды колледждің студенттері қатысты. Т.Жүргенов атын­дағы Өнер академиясының  Халық бөлімі студенттері Зейкенова Гүлнафис және Қазыкен Ұлас осы шараға арнайы қатысып, қонақтарға халық әндерін орындап берді.

                                                                 Ш.Құмарова.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір