Тегін танығысы келмейтінді текті деп айта алмаймыз
14.04.2017
3960
0

Редакциямызға назын айта келген қарияны алғашында дұрыс түсінбей қалдық. «Өз жерінде отырып қазақтар неге өзгеден теперіш көруі тиіс? Біз қашанғы бәріне көз жұма қараймыз?» деп күйіне сөйлеген ол кісіні сабырға шақырып, мәселені басынан баяндап беруін өтіндік. «Мен – Рима Баженова Фурма­нов пен Қабанбай батыр кө­ше­ле­рінің қиылысындағы көпқабатты үйдің тұрғынымын. Біз тұратын Фур­манов көшесіндегі 128 үйдің бірін­ші қабатында «My Сafe» деп ата­латын кафе бар. Қожайыны ев­рей ұлтының өкілі. Осы кафенің ал­дынан үй тұрғындарын (әсіресе қа­зақтарды) өткізбей «бұл жермен жүруге болмайды» деп қорғаштап тұратын жандайшаптар бар. «Сонда біз ары-бері өткенде ұшып жүруі­міз керек пе? Болмайдысы қа­лай?» деп басында адам сияқты тү­сіндіруге тырысатынмын. Кейін­­нен айғайласуға дейін бардым. Қа­зақтың жерінде ісін өрге дөң­ге­ле­тіп жүріп, қазақтарға мен­сінбей қарайтынын көрген сайын ашуланып: «Сендер қазақтан не жа­ман­дық көрдіңдер? Неге тұрғы­лық­ты халыққа құрмет­пен қа­ра­­­май­сың­дар?» деп шырылдаймын. Бірақ олар өзімді келеке етіп, күл­кіге ай­налдырады. Бұған қашанғы үн­демей шыдауға болады? Рас, қо­нақ­жай, сабырлы, мейірбан ха­лық­пыз. Бірақ атам қазақ намыс­ты бәрінен де жоғары қоятыны қайда? Момындық пен жалтақ­тықтан ары­латын күн келді ғой.
Мен өзім Красноярск өңірінде туып-өстім. Кезінде атам марқұм Кеңес Одағына қарсы шығып, қу­да­ланған екен. Мал-мүлкі тәркі­ле­ніп, тігерге тұяғы, ішерге асы қал­маған атам сонда әжемді қапқа са­лып, үстіне мая шөпті жая жа-уып, ат шанамен бас сауғалап, Сі­­бірге бет бұрыпты. Есімде қал­ғаны, біз онда есік алдына шығып, көр­ші балаларымен ойнауға жас­қанатынбыз. Тіпті менің есімімді де перзентханадағылар анамның рұқсатынсыз Рима деп өздері қоя салған екен. «Ол кезде оларға қар­сы бірдеме деу қайда» дейтін анам. Сырттан келгендерді дәл қазақтай мейман тұтып, мейірбандық көр­се­тетін ел жоқ шығар, сірә. Қаны­мызға сіңген бұл қасиетті кісілікке емес, кішілікке балап, сабырлы ха­лық­ты сорлы халыққа айнал­дыр­ғысы келетіндер аз емес бүгін. Бұ­ған жол бермеу үшін әуелі өз тілімізге, ділімізге деген құрме­ті­міз ерекше болуы тиіс. «Өз-өзіңді жат­тай сыйла, жат жанынан түңіл­сін» ұстанымы бүгін бізге ауадай қа­жет», – деп ұзақ-сонар әңгіменің тиегін ағытты.
Қарап отырсақ, сөзінің жаны бар. Өзін аға ұлт санап, қазақтың ті­ліне де, өзіне де жоғарыдан қа­рай­тындарды төбемізде тайраң­да­татын уақыт өтіп кетті. Бірақ әлі күнге жоғарыдағыдай жағдайлар арагідік алдымыздан шығып қа­лады. Мекемесінің атауын қазақ тілінде жазғысы келмейтіндер қа­ла­мызда аз емес. Сонда Конс­ти­туция­мыздағы тіл туралы баптар мен Тіл туралы заңымыз тек қа­зақ­тарға ғана қатысты ма? Тіпті қа­зақтардың өздері, ол аз десеңіз би­л­ік басында отырған халық қа­лаулылары мемлекеттік тілге құр­мет­пен қарамаса, өзгелерден не опа, не қайыр күтуге болады. Қа­зақ тіліндегі жарнамалардың қа­те­сінен көз сүрінетіні сан рет айтылса да, ештеңе оңалмайтын, ми­нистрі тілшілерге: «қазақ тілін ұмы­тып қалыппын» деп сұхбат беру­ден арланбайтын қазіргі қазақ қо­ғамының мемлекеттік тілге қа­тыс­ты түйткілді мәселелері аз емес. Алайда, бүгін туған тіліміз үшін оны білмейтіндер емес, тіл таза­лығын сақтамайтындар аса қауіп­ті болып отырғаны шындық. Бір өзі бірнеше тілде ойын еркін жет­кізе алатын қазақ жастарын көр­генде көңіліңе қуаныш ұялай­ды. Алайда, олардың кейбірі туған тілінен мақұрым екенін естіп, ерік­сіз күрсінесің. Осындай ой же­тегінде туған бірнеше сауалымызбен филология ғылымы­ның докторы, профессор Анар САЛ­ҚЫНБАЙҒА жүгінген едік.


Анар САЛ­ҚЫНБАЙ, филология ғылымы­ның докторы, профессор

– Кезінде татар ғалымы А. Саади: «Қазіргі ең таза, ең бай, ең та­би­ғи және бұзылмай, бұрынғы қал­пында сақталып қалған бір тіл бол­са, ол қазақ тілі және қазақ әде­бие­ті, шын ғылым үшін біз мұны ашық айтуымыз керек» деп мойын­дап­ты. Өзге ұлт ғалымын ынтық қылған осынша таза, бай, шұрайлы ті­лімізге неге кейбір өз қандас­та­ры­мыз мойын бұрғысы келмейді?
– Қазақ тілінің байлығы мен шұ­райлылығына таң қалып, таң­дай қаққан тек татар ғалымы ма екен… Мәселен:

«Қазақтардың ті­лі әуезді де әсем, шебер де шешен. Әсіресе, сөз сайысына кел­ген­де олардың алғырлығы мен өт­кірлігі, тауып сөйлейтін тап­қыр­­лығы таң қалдырады. Қа­зақ­тардың тілі – исламның бүлдір­гіш­тік әсеріне ұшырамай, түпкі та­за түрін – түркі сипатын сақтап қал­ған тіл. Рас, мұнда да бірен-са­ран жат сөздердің енгені бай­қа­ла­ды. Бірақ ол сөздер … қазақ тілінің үн­дестік заңына бағынып, бірың­ғай халық тілінің қорына қосыл­ған. Қазақ тілінің осы тазалығы мен табиғилығы, сондай-ақ көп та­ралғандығы бұл тілдегі мұра­лар­ды менің көбірек жинап, оған әде­биет нұсқаларын құрастырған жинақтардың толық бір томын ар­науыма себеп болды. Оның үсті­не қазақтың басқа бауырластарына қарағанда сөзге тапқырлығы мен шешендігі де маған әсер етті». В.В.Радлов.  
«…Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жата­ды. Қазақтар – шешен әрі әдемі
сөй­леудің нағыз шебері».  П.М.Ме­лиоранский.
«Ертедегі түркілер тұр­мы­сы­ның көптеген іздерін өзінде сақтап қал­ған қазақ тілін мен ерекше ұнат­тым. Қазақ даласы менің ха­лық тіліне деген үлкен сүйі­с­пен­ші­лі­гімді қалып­тастырды, мен оған тілдік зерттеу үшін нағыз тап­тырмайтын құжат ретінде қа­рай бастадым». И.Бенцинг.
«Қазақтардың ақыл-ой қа­бі­ле­тінің ерекше екендігіне барған сайын көзім жетуде. Қандай әсем сөй­лейді! Кез келгені айтар ойын тез түсін­діреді, қарсыласының сө­зіне шебер тойтарыс бере біледі. Тіп­ті бала­ларының танымы да тез же­тіледі». А.Янушкевич.
Алайда, бүгінгі қазақ баласын «бі­лімпаздар осылай деген екен» деп өз ана тілін мойындату да қиын болып отырғаны жасырын емес. «Кейбір өз қандастарымыз мойын бұрғысы келмейді» деп мә­селені дұрыс қойып отырсыз. Жеке тұлға ретінде қалыптасқан, өзіндік ойлауы бар, айтары бар, ел алдына шы­ғып жүрген кей аза­мат­тары­мыз­дың ана тілін бағала­май, кос­мо­политтік бағыт ұстауы ұлты­мыздың өсуіне емес, өшуіне қыз­мет ететіндей болып көрінеді ма­ған.
«Іштен шыққан жау жаман» де­мекші, өз ішіңнен шыққан қан­дас­тарыңның ана тіліне қарсы айт­қан пікірлерін тыңдау, оқу, жұ­қалап айтқанда, тым ауыр. Мұ­ның негізі қайда жатыр десеңіз, ме­нің ойымша, бұл, ең алдымен, мек­тептегі оқыту жүйесіне, оқыт­қан мұғалімнің арына сын дер едім. Бастауыш сыныптағы бала үшін шыншылдық пен дұрыстық­тың үлгісі, Құдайдай көріп, сене­тін кісісі – ұстазы. Оның айтатын әңгімесі баланың көңіліне жатталады да қатталады. Кейін өзіндік та­нымының қалыптасуының ба­залық әліпбиіне айналады. Кез кел­ген қазіргі жеке тұлға мектептен тәрбие алып шықты, қазіргі таңда мектеп көрмеген қазақс­тан­дық азамат жоқ. Ал мектептегі қа­зақ тілін дұрыс меңгеріп, ана ті­лінен толық нәр алып өскен, Абай мен Махамбет өлеңдерін жаттап, Мұхтар, Ғабит пен Сәбит шы­ғармаларын оқып өскен ба­ла­ның қазақы ділі өзгермесе керек-ті. Халықтың атадан балаға мирас бо­лып келе жатқан рухани құнды­лы­қ­тарынан хабардар болып өссе, ана тіліне мейірімсіздік танытпаса керек-ті. Мәселе – қазақ тілі оқу­лы­ғының сапасында. Орыс мек­тептеріне арналған қазақ тілі оқулықтарын кім жазып жүр, оның сапасы қандай деген мәселе біз­ді алаңдатуы тиіс. Мұндағы ау­дарма мәтіндер, мәтіндердің сапасы, тіл мәдениеті мен ұлттық дү­ние­танымға қатыстылығы өзінше жеке талдауды, талқылауды қажет ететін дүние.
Шындап келгенде, қазіргі мек­теп оқулықтарының түпкі ба­за­лық түсініктері мен тәжірибелік тал­дануы 1954 жылы негізі қа­ланған «Қазақ тілі» оқулығының не­гізінде жазылып келеді. Ал бұл оқу­лық кеңестік кезеңде Сталин­нің тіл саясатын (В.Сталин. «Марксизм и вопросы языкознания») басшылыққа ала отырып жа­зылған болатын. Басты ерек­ше­лігі – тілді формалдық бағытта оқыту, яғни қазақ сөзін мағынасы мен мәнінен бөліп алып, тек сырт­қы формаға негіздей оқыту ар­қы­лы, қазақ сөзін оның ішкі ойы мен мәнінен айыру. Кеңестік кеңіс­тік­тегі қазақ тілін оқытудың осы фор­малдық бағыты бүгінгі тәуел­сіз Қазақ Елінің оқулықтарында мұрты бұзылмаған қалпында қай­таланып келеді. Ғылыми пікір да­мып, айтылар ой мен сөз жаңар­ғанымен, ғылыми бағыт өзгер­ге­ні­мен, тіл оқулықтарында мұның кө­рінісі мүлде жоқ. Тіпті берісі қа­зақ тіл білімінің корифейлеріне ай­налған ғалымдар пікірлерінің өзі монографиядан аса алмай, оқу­­лыққа жете алмай жатыр, сон­дықтан ЖОО-да оқыған, оқытқан материалдардың мектепке бар­ғанда студентке керегі болмай қалады да, үздік бітірген студенттің өзі мектепке мұғалім болғанда, алған білімі мен мектеп оқулық­та­рының арасындағы айырмашы­лық­ты біріктіре алмай, білігін жет­кізе алмай пұшайман хал ке­ше­тіні де жасырын емес.
Айтайын дегенім, кей қан­дас­тарымыздың ана тіліне без­бүй­рек­тік танытуы өзінің жеткен «ой өрі­сі» ғана емес, бала кезінен мұ­ға­лім қалыптастыра алмаған, ұлт­­­тық құндылықты бойына сіңір­­меген білімсіздікте. Ана тілі ар­қылы бойына даритын Тегін таны­ғысы келмейтін кісіні текті деп танығым келмейді.

Шындап келгенде, қазіргі мек­теп оқулықтарының түпкі ба­за­лық түсініктері мен тәжірибелік тал­дануы 1954 жылы негізі қа­ланған «Қазақ тілі» оқулығының не­гізінде жазылып келеді. Ал бұл оқу­лық кеңестік кезеңде Сталин­нің тіл саясатын (В.Сталин. «Марксизм и вопросы языкознания») басшылыққа ала отырып жа­зылған болатын. Басты ерек­ше­лігі – тілді формалдық бағытта оқыту, яғни қазақ сөзін мағынасы мен мәнінен бөліп алып, тек сырт­қы формаға негіздей оқыту ар­қы­лы, қазақ сөзін оның ішкі ойы мен мәнінен айыру. Кеңестік кеңіс­тік­тегі қазақ тілін оқытудың осы фор­малдық бағыты бүгінгі тәуел­сіз Қазақ Елінің оқулықтарында мұрты бұзылмаған қалпында қай­таланып келеді. Ғылыми пікір да­мып, айтылар ой мен сөз жаңар­ғанымен, ғылыми бағыт өзгер­ге­ні­мен, тіл оқулықтарында мұның кө­рінісі мүлде жоқ.

– Қазір, әсіресе, жастар арасында бірнеше тілде еркін сөйлейтін по­лиглоттар көп. Алайда, солардың біразы қазақ тіліне шорқақ екенін өздері де жасырмайды. Сонда өзге тілге деген қызығушылығы жоғары адамның өз тіліне селқос қарауын қа­лай түсінуге болады? Мүмкін елі­мізде қазақ тілінің мәртебесі мен беделін асырып, тартымдылығын арттыратын қандай да бір саясат қажет шығар?
– Күнделікті қызмет бабымыз жастардың арасында. Жастармен ара­ласып, пікірлесіп, дәріс беріп, пі­кірлерін тыңдап, бірге тыныс­тап жүргендіктен де, бүгінгі жас­тар туралы өз пікірім жоғары. Бү­­гінгі жастар үш тілді қатар мең­герген немесе меңгеруге құштар. Бұлар үштілділік басталмай тұрып мектепті бітірген, бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқып, бас­тарын қатырмаған, ана тілінде толық сусындаған қыздар мен жі­гіттер. Ал шетел тілін білгісі кел­­ген­дер кез келген курсқа барып, үй­реніп алуға мүм­кіндік бар біз­де. Менің ойымша, қазіргі жас­тар­дың арасында қазақ тіліне шор­қақ келе­тіндері бар болса да, олар азшы­лық. Бүгін­гі күннің бас­ты шын­дығы ЖОО-дағы қа­зақ топтары 85-90 пайызға жет­ті. Ел­дің мемлекеттік тіл­­ге деген талабы мен құр­меті, баға­лауы, тү­сінуі, қадір­леуі – бұл. Бұған ЖОО басшылары (егде тарта бастаған басшылар) дайын емес сияқты болып кө­рінеді маған. Неге де­сеңіз, студенттік ор­та­ның негізінен қа­зақ тілді екеніне қара­мастан, жиналыс, мә­жілістердің орысша жүр­гізілуі, кеңсе құжат­тары­ның орысша болуы, оқулықтардың негізінен аударма болуы – ішкі қа­рама-қай­шылықты туғызады.
«Елімізде қазақ тілінің мәрте­бесі мен беделін асырып, тартым­ды­лы­ғын арттыратын саясат» бар. Ол – қазақ тілінің мемлекеттік мәр­тебесі. Бізде қазақ тілінің бе­де­лін асыруда сөз – бар, жазу – бар, қоғамда сұраныс – бар, ха­лық­тық қолдау (барлық этностар қолдап отыр) – бар, қазақ тілін оқыту әдістемесі – бар, оқу құрал­дары – бар. Бізде басшылықтан қол­дау – жоқ, қазақ тілі кеңсе қа­ғаз­дарының қолданысында – жоқ, мемлекеттік қызметкерлердің пейі­лі жоқ… іс – аз. Мемлекеттік қыз­меткердің мемлекеттік тілді біл­меуін қалай түсіндіруге болар? Осы мәселені көтеріп, мемлекеттік қыз­меткер мемлекеттік тілді білу мін­деттілігін басты шарт ретінде заң­дастырсақ, тіл мерейінің үстем бо­лары анық деп ойлаймын.
– Бүгінде туған тілінің құдіретін жа­тырда жатып бойына сіңірмеген, бе­сік жырын жөргегінде құлағына құйып өспеген жастар көп. Бұл ұлт үшін қауіпті жағдай екені айдан анық. Ал жеке тұлға ретінде ана тілі­нен мақұрым өскен адам не жо­ғалтады деп ойлайсыз?
– Ана тілінен мақұрым болып өскен адам ділін (менталитетін) жо­ғалтады. Діл – белгілі бір әлеуметтік-мәдени қауым­дас­тыққа енетін адамдар үшін, заманалар легінде қалыптасып, тарихи санада жаңарып, дамып оты­ратын әдеттердің әлеуметтік-пси­хологиялық қалыптық жиын­тығы. Кез келген әлеуметтік құ­былыс сияқты, діл де тарихи тұр­ғыдан өзгеріп отырады, алайда ділдік өзгерістер шапшаң өзгеріп, алмасып жатпайды, уақыт пен кеңістікте болып жататын әр түрлі өзгерістер мен саяси ахуалдарға қатысты адамдардың санасына сіңген әдеттердің жаңаруымен, дамуымен байланысты келеді. Діл – жеке тұлғалардың бойындағы әдет қана емес, ол жалпы қоғамдық сананы белгілейтін көпшіліктің әлеуметтік-рухани қалпын, болмысын айқындайды.
Алайда, ділді жеке тұлғаға қатыссыз деп ешкім айта алмайды. Жеке тұлғаның мінезі, дү­ние­танымы, тіл арқылы қалыптасып, бойына сіңетінін ескерсек, оның жүгі таразы басында ауырлай түс­пек. Ділдің басты негізі – мәдени түп­негіз. Мәдени түпнегізден айрыл­ған кісінің сөзі – дәйексіз, ұста­нымы – ұсқынсыз. Кез кел­ген адами ізгіліктер ұлт­тық ділдің басты тірегі бола отырып, оның өзін­дік ерекшелігін де бел­гілейді. Көз алды­мызға елестетіп көрелікші, жұрттың бәрінің аты – Ваня, болмаса Ас­қар болса, оларды қа­лай ажыратасыз, бәрі бірдей болса, несі қы­зық? Өмірдің мәні де мүмкін осы ерекше бел­гінің молдығында, әрқай­сымыздың өз аты­мыздың, затымыз­дың болғанында болар. Демек, ана тілі мен ұлттық діліміз – біздің төл белгіміз ғана емес, өз­гелерден ерекшелігіміз. Сәні­міз осы – Мәніміз де.
– Қазақ тілін білмейтін министрлер мен депутаттарға әбден етіміз үй­реніп алды. Кез келген заңның әуелі орыс тілінде қабылданып, кейін қазақ тіліне аударылатынына да бас ауыртпайтын секілдіміз. Сонда біз қандай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз өзі? Осындайда өзге жұртта билік құра тұра, өле-өл­генше қыпшақ тілінде сөйлеген Сұл­тан Бейбарыс бабамыздың ас­қақ рухы еріксіз ойға оралады. Бізге мүмкін әуелі рухты тәрбиелеу керек шығар. Рухсыздық қасіретімен қа­лай күресуге болады?
– «Кез келген заңның әуелі орыс тілінде қабылданып, кейін қазақ тіліне аударылатынына да бас ауыртпаймыз» емес, бас ауыртамыз, ауырамыз, алайда біздің ба­сымыз ауырмақ түгілі, сақи­на­мыз ұстап қалса да, оған кім көңіл бөліп жатыр дейсіз. Айтамыз, жа­замыз, Сіз сұрайсыз, біз Сізді қол­дап жауап береміз. Сол… Мұндайда Оралханның «Осы біз қайда кетіп ба­рамыз?», «Осы біз неге?» деген жауа­бы жоқ сұрақтары еске түседі.
Бүгінгі өзімізді бағаламау – ертеңгі ӨЗімізді жоғалту қасіретіне ұласпаса екен деп тілейік.
Жаһандану желіне алғаш боп ұрынып қалмасақ, сол игі.
– Әлемде тіл байлығы жағынан үшінші орынды алатын бай әрі шұ­райлы тілдің иесі бола тұра қазіргі қазақтың сөздік қоры жұтаң тартып кеткендей. Жастарды былай қой­ғанда, ойын дұрыс жеткізуге сөз таппай, кібіртіктеп қалатын ел аға­ларын көргенде осы біз өз тіліміз­ден ажырап бара жатқан жоқпыз ба деген ой келеді. Сіз қалай ойлайсыз?
– Бұл пікірге қосыла алмаймын. Қазақтың сөздік қоры жұтаң тарт­­қан жоқ. Ол – бар. ХVІІІ ға­сыр­да да жұрттың бәрі Қаз дауыс­ты Қазыбектей сөйлей алмаған болар, ақындар көп, Абай дана – дара.
Қазақ тілі ХХІ ғасырға әдеби тіл ретінде енді. Бүгінде тілдің майын тамызатын, шебер де шешен сөйлейтін азаматтар бар. Мұхтар Мағауин сынды жазушысы, Тыныштықбек Әбдікәкімов сынды ақыны бар қазақ тілі қазір қалай жұтаң болсын. Сөйлегенде сөздің майын тамызатын шешендер әзір де арамызда жүр ғой. Телеарналар мен радиолардан, шіркін, соларды сөйлете алсақ қой. Телевизор қазір теле безер болды. Ел сайқымазақтар мен Димаштың шашбауын көтеруге жарамайтын әншілерден шаршады, безер болды. Креативті ойлайтын, шешен сөйлейтін азаматтарды арналардан шығарып сөйлетіп, үлгі ретін­де тыңдатып, көрсетіп отырсақ, ауызекі сөйлеу мәдениеті артады деп ойлаймын. Телеарналарда сөйлеушілердің (арасында журналист аз ғой) тілін де сындыру керек. Орфоэпиядан сол кісілерге тегін дәріс беруге бармын.
«Шешендік өнер дегеніміз» деп мектепте анықтама жаттата бер­генмен, бәріміз шешен сөйлеп кетпейміз, ол міндетті де емес, алай­да өз пікіріңді нақты да түсі­нікті етіп жеткізіп, әдемі сөйлеп отырсаң, ортаңда абыройың артпай ма?

Дайындаған
Айнара АШАН.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір