«XX ғасыр басындағы әдебиет және Алаш ұстанымы»
30.03.2017
2301
0

Биыл  «Мектеп» баспасынан жарық көрген, ғалым Руда Зайкенованың бұл еңбегі XX ғасырдың басындағы тәуелсіздік жолында мерт болған Алаш қайраткерлерінің ұлттық ұстанымына негізделген. Мұнда XX ғасырдың басындағы әлеуметтік жағдай мен рухани өмірдегі өзгерістер және сол кезеңнің қайталанбайтын тұлғалары арқылы ұлттық дамудың көркемдік кеңістігі ғылыми-әдістемелік тұрғыдан сарапқа салынған.

Кітап «Қазақ әдебиеті тарихы» курсы бо­йын­ша жоғары оқу орындарында оқыла­тын дәрістерде, семинарларда, практикалық сабақтарда пайдалануға және арнаулы курс жүргізуге көмекші құрал ретінде қазақ әдебиеті мен тарихы пәндерінің мұғалім­де­ріне, студенттерге, жоғары сынып оқушыла­ры­на, сондай-ақ, жалпы әдебиет сүйер қауым­ға ар­налған.

 Гүлім Нұрланқызы. 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір