ТҮРІК ТІЛІНДЕГІ ЕКІНШІ БАСЫЛЫМ
22.02.2016
1097
0

книгаЖақында Түркі әлемін зерттеу қоғамының баспасынан ҚазҰУ ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтановтың  «Заман рухымен тілдесу» атты өлеңдер жинағы түрік тілінде жарық көрді.

Өткен жылы бұл кітап Анкара қала­сын­да ба­сылып, түрік оқырмандары  тарапынан өте жақсы қабылданған болатын.

Кітаптың тұсаукесер рәсімі Түркия­ның қа­лың зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен Стамбұл, Ескішехир, Анкара қалаларында өтті. Онда  сөйлеген  Түр­кі әлемін  зерттеу қо­ға­мының Бас хат­шы­сы Ибрагим Акгүн, Еуразия Жазушылар одағының төрағасы Якуб Ома­­ро­ғлы, түркі дүниесіне белгілі ақын Али Ак­­баш, т.б. зиялы қауым өкілдері өз ой-пікірлерін білдіріп,  кітапқа жоғары баға берді.
Тұсаукесер рәсімінде Ғалымқайыр Мұта­нов өлеңдерінің стилі жағынан алғанда, Шы­ғыс поэзиясы­ның бастауларымен, түркі жырларымен үн­де­с­тігі, жалпыадамзаттық  гу­манис­тік идеялармен суарылғандығы атап көрсетілді.
«Заман рухымен тілдесу» кітабының түрік тілінде екінші мәрте қайта басылып шығып, Түркияның үш шаһарында  тұсаукесері өткізілуі – автор шығарма­шы­лы­ғының шетел оқыр­мандарына танылуының жарқын көрінісі.
Осы сапарда  Ғ.Мұтановқа Түркі  дү­ние­сінің ұлы ақындарының бірі «Мақ­ты­мқ­ұлы» медалі тапсырылды.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір