МЕНІҢ ДЕ ЕСІМІМ – АХМЕТЖАН
24.04.2019
275
0

Азат ӘКІМ

Азат Әкім дұрыс мегзеп отыр:
адастар атыспайды, шабыспайды. Танысады, түбі табысады. Ал, екінші әңгімедегі жаһанданудың жылмағай иіріміне жұтылып жатқандарды қайтеміз. Қайсыбір жастарымыз әке, шеше пікірімен санасуды да әдіре қалдырған. Олардан енді қазақылықтан, ұлттық дәстүр-салт атаулыдан үміт күтудің қажеті жоқ. «…Туа шөгіп» жатқандар ғой. Азат «Бұзаутіспен» азу тісін ақситпай-ақ жон арқадан аямай таспа тілген екен…

Ахметжан жүк көлігімен станса іргесіндегі Берекет елді мекеніне киіз үйдің кереге, уық, шаңырақ сияқты керек-жарағын апара жатыр. Жүгін түсіретін үй-ішінің тұрғылықты жеріндегі шабындықтан орған, баулаған пішенін де алдын ала келісім бойынша қорасына тасып бермекші. Берекетке апаратын жолға түскенінде біресе бір қолын көтеріп, біресе екі қолын кеудесіне ай­қастырып қойып, ілестіре кетуін сұрап тұрған жолаушыны көрді. Жасы өзімен қатарлас жігіт көлігіне жайғасқасын Ахметжан сөз бастады.
– Бала-шаға аман-есен?
– Шүкір, аман-есен.
– Мен аудан орталығында, стансада тұрамын.
– Мен де стансада тұрамын.
– Танысып-білісіп отырайық, есімім – Ахметжан.
– Менің де есімім Ахметжан.
– Тегім қожа.
– Мен де қожамын.
Азды-көпті уақыт үнсіздік орнады. Оның себебі, жолаушы езуінің ұшында мысқыл күлкі бар сияқты, өзін кекетіп-мұқатып отырғандай көрінгесін жүргізуші мінгестіріп алғанына іші ұлып келе жатты.
– Стансада Сәтбаев көшесінде тұрамын, – деген Ахметжан жылдамдықты бәсеңдетті. Қарсы алдарында көкала ат мінген, бір үйір қой­­ды алдына салып, айдап келе жатқан ақса­қал­дың бір қапталынан айналып өтуге тура келді.
– Мен де Сәтбаев көшесінде тұрамын.
– Мен тоғызыншы үйде тұрамын.
– Мен де тоғызыншы үйде тұрамын.
Жүргізуші Ахметжан көлігін кілт тоқтатты. Сауапты, ізгі істі бастар алдындағы қысқа дұға­сын күбірлеп оқи салысымен ашу-ызасы бетіне ойнап шыға келді.
– Сенікі не қылжақ? Қолағаштай мұрныңды бет қылайын ба әлде?
– Сен сұрадың, мен жауап бердім, – деді жолаушы Ахметжан. Бағанадан бергі сұраққа жауабының айна-қатесі жоқ. Сәтбаев көшесіндегі тоғызын­шы үйде тұратыны рас. Бірақ Сәтбаевқа жап­сарлас орналасқан Сәтбаев атындағы тұйық көше еді тұрып жатқаны…

(Толық нұсқасын газеттің №16 (3650) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Имя
E-mail
Пікір
 

error: Көшіруге болмайды! Авторлық құқықты бұзбаңыз !!