Театр… буфеттен басталады
08.02.2019
860
0

Орыс драматургі А.Островскийдің «Жазықсыз айыптылар» («Без вины виноватые») пьесасында провинциалды актер Шмаганың «Біз – әртістерміз, біздің орнымыз буфетте», – деген қанатты сөзі бар. Егер көрермен деңгейіне сай буфеті болса, тек әртістер ғана емес, көремендер де буфеттен табылар еді…

…Осы замандағы озық театрларда буфеттің қызмет көрсету сапасын дамыту, көрерменге көрсетілер қыз­ме­тінің түрлерін арттыру – жалпы театр өнерін дамыту концепциясына кіріп, имиджін көтеруге қызмет етеді. Мысалы, Ресейдегі белгілі театрларда буфеттердің қызметі шығармашылық ұжымның негізгі атқаратын жұмысы­мен тонның ішкі бауындай астасып кеткен. Оны буфет ұсынатын тауар­лар ассортименінен байқаймыз. Труп­паның танымал актерлерінің сүйекті рөліндегі суретімен қапталған конфет-шоколадтардың орамасынан бастап, театр буфетінің спектакль немесе актерлер атына жасалатын арнайы мәзір, фирмалық салаттары мен балкүлшелерінен, қолданыстағы ыдыс-аяқтарға басылған ло­го­тип­те­рінен, буфеттің іші-сыртын репер­туар­дағы спектакльдер жарна­мала­рымен безендірулерінен көреміз. Театрдың өзіндік келбеті осындай ұсақ-түйектерді әдемі үйлестіруден құралады…

Аманкелді МҰҚАН,
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Театр және кино бөлімінің меңгерушісі, театртанушы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір