Кез келген білімді жүрекке тоқу маңызды
Омар Жәлелеұлы. Өткен ғасырларда ескілік саналып, шыңырауға көмілуге шақ қалған ұлттық кодымызды қайта жаңғыртушы, насихаттаушы. Бір кезде «Халық жауы» деген айып тағылып, шығармалары ескерусіз қалған айбоздарымыздың ілімі арқылы ұлттық болмысқа қайтуға үндеуші бірегей тұлға.
…….
– Шәкәрімнің лексиконында «таза ақыл» деген сөз бар. Осы сөзге тоқтала кетсеңіз…
– Ақыл екі түрлі болады: таза ақыл және кірлі ақыл. Адам тән, жан, ақылдан тұрады. Егер адамның ақылы тән қалауына қызмет етсе, онда ол кірлейді екен. Оның көмектері теріс көмек. Керісінше тән ақылға бағынған кезде ақыл тазарады екен. Сонда ақыл тап-таза болып, ол өзінің дүниеге келген мақсатын орындай бастайды. Жан құмары деген бар, ал жан құмары не десек:
Жан құмары істемек, біліп алмақ,
Бөгет бола бере дене салмақ,
Асыл іздеп асылды аласұрар,
Амал бар ма денесіз қайда бармақ, – дейді Шәкәрім. Сонда біздің ақылымыз қашан тазарады? Нәпсінің құмарынан азат болып, автономды еркіндікке шыққан кезде тазарады екен. Сол кезде ол адаспай осы өмірге келгендегі мақсатын орындай бастайды. «Рух деген – мінсіз таза ақыл» дейді Шәкәрім. Қазіргі көп адамдардың ақылы ертең 70-90 жыл өмір сүріп, шіріп жоғалатын денеге кетіп жатыр. Ал шын мәніндегі ақыл Құдайды тануға, дүниені тануға, өзін тануға жұмсалуы тиіс. Қазіргі көп қазақтың ақылы отбасын асырауға жетпей отыр. Шәкәрім: «Ақыл әбден тазарып нәпсі мәселесінен көкке көтерілгенде, құстай шартарапты шарлағанда, бәрін барлай алады», – дейді.
«Ақыл құсы адаспай аспандаса,
Әлемде нәрсе болмас одан таса,
Жеті көк жерден оңай басқыш болып,
Ғарышқа қол жетеді қармаласа», –
дейді. Яғни, нәпсінің қармағынан құтылған ақылды «таза ақыл» дейміз. Ал кірлі ақыл – денеге қызмет еткен ақыл…
Сұхбаттасқан
Едіге БӨКЕЙ
(Сұхбаттың толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар)
ПІКІРЛЕР1