Отырар дастаны – жасампаз тарих елі
28.12.2018
1386
1

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында қазақстандықтар өз тарихын әмбебап және көп өлшемділігімен жүзеге асыруы және қабылдауы қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ, өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып, отаншылдық тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталуға тиіс екендігі, ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол ашатын сапалы балалар фильмдері мен мультипликациялық сериалдарына мән беру мәселесі де кеңінен қозғалды.

Тарих тамырының бүлкілі әрбір ұрпақ жүрегімен тең соғып, санада еріксіз сыр шер­тер ұлы ұғым. Елбасы мақаласында көтеріл­ген тарихымыздың жаңғырыққа толы жеті қырынан сыр шертетін «Отырар дастаны», «Көне құмыраның сыры» анимациялық
фи­льм­дері өткен жылы ғана жарыққа шыққан болатын.
Республикалық «Балапан» арнасы да атал­ған бастамаға қолдау білдіріп, көгілдір арнадан кеңінен насихаттап, сан ғасырлық тарихын қойнауына бүккен сырға толы өлке туралы бала тілімен, өскелең ұрпақ санасына сіңіруге атсалысты.
Тарих жылнамасын санамаласақ, келесі жылы алты айға созылған Отырар шайқа­сына 800 жыл толады. «Елу жылда ел жаңа» де­сек, сан ғасыр көшін көрген сайын дала көне­нің ескірмес ізі мен тарих таңбасын боя­ма­сыз хәлде паш етіп тұрғандай.
Қос анимациялық фильмде де ел мен жерді сақтап, қорғап қалу жолындағы жан­қияр­лық ерлік, жауыздық пен күрес кеңінен сурет­теледі. Бүгінгі күнде қаншама турис­тер­­дің арнайы барып, көзбен көруге ынтық мекенінің бірі – тарихи қақпа мен кітапхана орны, бетін аршыса түрлі-түрлі қыш сынық­тары шыға келетін, тарихи жәдігерге бай ежел­гі Отырар жері, отыздан аса Фарабилер мен қаншама тұлғалардың табаны тиген қыр­тыс­ты топырақтар екені анық. Елбасы мақа­ла­сымен жарасым тапқан туындыларды жа­рыққа шығаруға Отырар ауданының әкім­дігі аянбай атсалысты. Нәтижесінде, Отырар атауының мәні мен мағынасы, тарих жалғастығының ұлы ізден алған бастауы жөнінде өскелең ұрпақ та терең ұғынды.
Әрине, бұл Елбасы бастамаларын жүзеге асырудағы бір қадам ғана. Алдағы уақытта да жастар бойына патриоттық күш берер, та­рихи мәні зор жұмыстар жалғасын таба бермек.

ПІКІРЛЕР1
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір