ЖАНАЙДАР СӘДУАҚАСОВҚА ЕСКЕРТКІШ-ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ
Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Н.Назарбаев даңғылында орналасқан 120-үйдің қабырғасына мемлекет және қоғам қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны Жанайдар Сәдуақасовтың есімін есте қалдыру мақсатында ескерткіш-тақта орнатылды. Сәдуақасовтың қазақ әдебиеті тарихындағы ұмытылмас істерінің бірі – «Қазақ әдебиеті» газетін ұйымдастыруға зор үлес қосқаны.
Салтанатты шараға ғалымдар Хангелді Әбжанов, Серік Қирабаев, Бейбіт Қойшыбаев, ақын Ғалым Жайлыбай, т.б зиялы қауым өкілдері, Ж.Сәдуақасовтың туыстары мен ұрпақтары қатысты. Марқұмның інісі Құрман Сәдуақасов пен қызы Перизат Сәдуақасова жиналған қауымға әулеттерінің атынан ризашылықтарын жеткізді. Жиын Ұлттық кітапханада өткен «Ер есімі – ел есінде» атты еске алу кешіне ұласты.