«ЕЛІМ-АЙҒА» ТҰҒЫРТАС ОРНАТЫЛДЫ
12.06.2023
225
0

Түркістан қаласында «Фараб» мемлекеттік кітапханасының үлкен мәжіліс залында қазақ хандығы тұсындағы көрнекті мемлекет қайраткері, жырау батыр, жоңғар шапқыншылығына қарсы жүргізілген ұлт-азаттық соғыс көсемдерінің бірі Қожаберген Толыбайұлының (1663-1773) 360 жылдығына және «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған «Елім-ай» дастан жырының 300 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Форумды Түркістан облысының әкімдігі, Қазақстан Жазушылар одағы, ҚР «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің орталық кеңесі, «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қоры ұйымдастырды.
Конференция жұмысына белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, ақындар мен жазушылар, ғалымдар, студент жастар, үкіметтік емес және ардагерлер ұйымдарының өкілдері қатысты.
Форумға қатысушыларға «Елім-ай» дастанының 300 жылдығына арналған кітап пен төсбелгілер таратылды. Қожаберген мұрасын жан-жақты насихаттап жүрген 98 адамға «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қоры тағайындаған «Елім-ай» жырына 300 жыл» деген атаулы медаль тапсырылды.
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне жыл сайын Қожаберген Толыбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы түрлі форматта ғылыми жиын ұйымдастыру тапсырылды.
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының орталығы Пресновка селосын – Қожаберген селосы (ауылы) етіп өзгерту мәселесі тиісті орындарға қойылсын.
Ендігі жерде конференция да осы бір айтулы оқиғаға байланысты еліміздің өнердегі, ғылымдағы аса танымал тұлғалары мен қайраткерлерінің әйгілі туындының маңызы мен мұраты турасындағы тосын көзқарас, пікір ұсыныстары алдағы уақытта басшылыққа алынуы тиіс. Оның дені әлгінде айтқанымыздай, конференция қарарында толық келтірілді. Соның ішінде ғалым Құлбек Ергөбектің ой-тұжырымдары айрықша ден қойғызады.
Аталған ізгі шараның басты атап айтар жаңалығы «Елім-айға» орнатылған тұғыртас. Рух өлмейді, тарих жұрт жадында. Өз тарихын білген ел ешқашан жеңілмейді. «Мың өліп, мың тірілсе де» рухымен биіктей береді. «Елім-ай» соның бір кемел көрінісі.

Айгүл ӘЛЖАНОВА
«Жеті жарғы және
Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қоры

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір