«НАЗАРБАЕВ ФЕНОМЕНІ» ЖӘНЕ ЖАСТАР
30.11.2018
2539
0

Тілектес ЕСПОЛОВ,
Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің ректоры,
ҚР ҰҒА академигі


Елімізде 2012 жылдан бастап 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні ретінде аталып келеді. Егемен ел болудың күрделі құрылысын басқарып, жаңа мемлекет қалыптастырған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әлемдік саясатқа «Қазақстандық даму моделі» ұғымын енгізді.

Қазақстан – тарихи қысқа мерзім ішінде ғасырға татитын жолдан өтті, ұлы табыстарға қол жеткізді. Тәуелсіз мемлекет құру – арманнан шындыққа айналды. Елдікті сақтау, азат ел болу­дың бақытын сезіну және елім деп еміренетін ұрпақ тәрбиелеу барша­мыз­­дың борышымыз. Ұлт Көшбас­шысы қалыптастырған қазақстандық модель – патриотизм рухының қайнар көзі.
Егемен еліміздің іргесі қаланып, өс­келең елдердің қатарынан орын алуымыз, ол ең алдымен халықты кемел келешекке бастаған Тұңғыш Президентіміздің даналық саясаты­ның нәтижесі. Елбасының батыл қадам­дары ел экономикасының қа­рыш­тап дамуына, тәуелсіздігіміздің қауіпсіздігін нығайтуға негіз болды.
Еңсесін тіктеген еліміз Елбасы­мыз­дың ұйытқы болуымен, бүгінде Ру­хани жаңғыруға бет бұрып, Ұлы даланың тарихи қырларын танып-білуге ұмтылуда. «Тарихты тұлғалар жасайды» деген қағидаға сүйенсек, мемлекетіміздің жаңа тарихы Елбасы есімімен тығыз байланысты.
Уақыт өткен сайын еліміз өрке­ниет­ті мемлекетер қатарына кіріп, жа­ңа даму стратегиясын іске асыруда. Адал еңбек, рухани тәрбие, терең бі­лім, жаңашыл ғылым ең алдымен әр­бір азаматты адамгершілікке үй­ре­теді. Бұл ретте Президенттің жасам­паз­дық және жаңашыл тұлғасы әрбір қазақстандыққа үлгі-өнеге. Олай бол­са, Қазақстанның Тұңғыш Прези­ден­ті күнін атап өту, оны халықтық ме­рекеге айналдыру объективті құбылыс.
Тұңғыш Президент күні ол – ең әу­елі мемлекет мерейі мен мәртебесі. Мемлекеттің іргетасын қалаған тұлғаны ардақтап, ұлықтау – әлемнің бірқатар елдерінде бар ізгі дәстүр. Ендеше Қазақстанды әлемге танытқан Ұлт Көшбасшысының даналық оймен сабақталған ерен еңбегі туралы айтпау мүмкін емес. Ел дамуына айрықша ықпал етіп отырған Елбасы саяса­тын­да ғаламдық деңгейдегі кемеңгер тұл­ғаға тән көрегендік қасиет жатыр. Мі­не, осы құбылысты әлемдік сарап­шы­лар «Назарбаев феномені» деп атай­ды. Бұл Елбасының даналық болмысы, болашаққа бағытталған саяси стилі, қоғаммен тығыз қарым-қатынас орнатуындағы ерекше тұл­ға­лық қасиеттерінің айқын көрінісі.
Ел болашағының кілті озық білім мен инновациялық ғылымда екенін уа­қыт­тың өзі көрсетіп келеді. Бұл са­лаға Президент мүлде жаңаша талап­тар қойып отыр. Елбасы шешімімен 2001 жылы оқу орнымыз Ұлттық уни­верситет статусын иеленді. Осы уа­қыттан бері университет мемле­кет­тік саясат ұстанымдарына сүйене отырып, Президент анықтап берген нақты стратегиялық бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыруда.
2015 жылы университет еліміздегі жоғары оқу орындарының арасында алғашқылардың бірі болып тәуелсіз бас­қаруды іске асыру мақсатында жаңа ұйымдастыру-құқықтық формада қайта құрылып, БҒМ қара­мағынан АШМ құзырына өтті. Сол жылы университетте 8 инновациялық орталығы, 6 ҒЗИ, 31 инновациялық зертханадан тұратын үздік халы­қ­-
а­ралық тәжірибелер мен технология­лар тарту үшін Агротехнологиялық хаб құрылды. Жастарға сапалы білім беру үшін оқу орнында инновациялық инфрақұрылымдар болуы тиіс. Сон­дықтан, университет қазіргі кезде заманауи зерттеу лабораторияларын модернизациялап, жаңа инно­ва­ция­лық зертханалар ашуды қолға алуда. Осы мақсатта мемлекет екі мил­лиард­қа жуық қаржы бөліп отыр. Мұндағы басты мақсат – еліміздің агроөнеркә­сіп­тік кешеніне тәжірибеге бейімдел­ген, креативті ойлау қабілеті зор, жаңа инновациялық технологияларды өн­ді­ріске ендіре алатын білікті маман­дар дайындау. Осы бағытта универ­си­тет ав­тономиялық басқаруды енгізіп, ха­лықаралық байланыстарды күшей­тіп, білім-ғылым-өндіріс интеграция­сын іске асыру арқылы табысқа жету­де.
Бүгінде оқу орнымыздың әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне трансформациялану үрдісі үкімет тарапынан қолдау тауып отыр. Біздің университеттің басты ерекшелігі – ауыл-ауылдардан келген студенттері­міз­ге заманауи білім беріп қана қой­май, олардың Ел мен Жердің қасиетін бағалайтын, ұлт болашағына сеніммен қарап, Ұлы даламыздың ұлағатын бойына сіңірген, туған топырақтың қадірін біліп, ауылын қастерлейтін және сол ауылдың зиялысына ай­налатын тұлға ретінде қалыптастыру.
Университет Қазақстанның жо­ғары оқу орындарының арасында бі­рінші болып «Н.Ә.Назарбаев білім және ғылым орталығын» ашты.
Орталық «Менің Президентім», «Менің университетім», «Елбасы кітапханасы», «Достық» студенттік ассамблеясы деп аталатын төрт залдан тұрады. Басты бағыт – еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев­тың өмірлік қағидасы мен жасампаз идеясы арқылы жастар­дың бойында патриоттық және саяси мәдениетті қалыптастыру және сту­дент­тер арасында көшбасшы тәр­биелеу.
Университет Елордамыздағы «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасымен» рухани, әріптестік қарым-қатынас орнатқан. Қазіргі кезде жаңа кітапханамыздың қорында Елбасының ең таңдаулы 1500-ден астам кітабы жинақталған. Бұл – біз үшін, біздің білімге ұмтылған белсенді жастарымыз үшін үлкен олжа. Кітап­хана қоры «Рухани жаңғыру» бағдар­ла­масы аясында Елбасымыз­дың тап­сырмасымен ағылшын тілінен қа­зақ тіліне аударылған әлемдегі ең таңдаулы 100 оқулықтың 18 атауымен толықтырылды. Бұл кітаптар жа­с­та­ры­мыздың рухани дүниетанымын кеңей­тіп, білімдерін толықтыра түсері сөзсіз.
Болашақты алдын-ала бағамдап, болжай алатын Елбасының тағы бір феномені – ел жастарына айрықша көңіл бөліп, оларға үміт артуында. Сондықтан да, Мемлекет басшысы алдағы 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Осы игі бастама арқы­лы елдік мақсаттарды іске асыру жо­лын­да ерік-жігері мықты, рухани бай, озық біліммен қаруланған, бәсекеге қабілетті қазақстандық жастарға үлкен міндет артылатыны сөзсіз.
Университет жас ғалымдарға қол­дау көрсетіп, стартап жобаларын іске асыруға мүмкіндіктер беруде. Жақын­да ғана ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы ғылым жө­нін­дегі Кеңес ұйымдастырған ха­лықаралық конференция аясында «ҚазҰАУ Жас ғалымдарының Кеңесі» республика бойынша ең үздік деп танылды.
Бүгінде университетімізде – құрамында 1000-нан астам белсенді жастар бар «Аграрлық» бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. Жуырда бастауыш партия ұйымы Астана қаласында өткен республикалық форумда үздік деп танылып, «Өрлеу» номинациясымен марапатталды. Алдағы уақытта да біз Елбасы бас­қа­ра­тын «Нұр Отан» партиясы бел­гілеген бағдарламалар мен тапсыр­ма­лар­ды жүзеге асыруда белсенділік танытып, мемлекет мүддесі жолын­дағы қызметімізді жалғастыра бер­мек­піз.
Біздегі оқу-ғылым үдерісі мен тәр­бие жұмысы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты маз­мұ­ны терең мақаласындағы тұжыры­м­дармен сабақтастырылған. Мемлекет басшысының таяуда ғана жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» ат­ты мақаласы рухани жаңғыру идея­сы­мен үндес болғандықтан, бұл бағытты да кеңінен қамтуды қолға алдық. Қазіргі таңда университет жанындағы ««Назарбаев білім және ғылым орта­лығы» құрамындағы Елбасы мұра­жайы­мен мазмұндас келетін тарихи-таным­дық орталық ашуды қолға алдық. Онда Ұлы дала тарихы мен ұлттық құндылықтар қамтылатын бо­лады. Сонымен қатар, университет жастарға ата дәстүр, ұлттық тәлім-тәрбие беретін рухани орталықпен толықтырылады. Осының бәрі бүгінгі жастар ұлттық код пен түп-тамырын танып-білуі үшін іске асырылатын игі шаралар.
Жаңа мақаласында Елбасымыз төл тарихымыз бен мәдени-гумани­тар­лық саланың да өзекжарды мәселе­ле­рін көтерген. Мақалада жараты­лыс­тану ғылымдарына қатысты тың ой­лар айтылып, алма мен қызғалдақ­тың отаны Қазақстан екені зор мақ­та­нышпен көрсетілген. Еліміздегі алманың бес мың түрі қазақстандық Сиверс сортынан таралған. Сондық­тан, бұл алманың сорты еш жерде кездеспегендіктен, әлемдік сұранысқа ие. Осы алманың генетикалық ресур­сы мен табиғи қорын сақтап қалу үшін біздің университетіміз Есік денд­ро­паркіннің негізінде Ұлттық Сиверс алмасы орталығын ашуды қолға алуда.
Қазақстандағы жоғары оқу орын­дары арасында бірінші болып, 15 жыл бұрын құрылған, 21 ұлттың жастарын бір шаңырақ астына біріктірген уни­вер­ситеттің студенттік «Достық» ас­сам­блеясының жұмысы да «Назарбаев білім және ғылым орталығы» аясында жүргізіліп, Елбасы идеясынан туын­даған «Қазақстан жолы» тәрбие-білім орталығы қоятын талаптар форматына көшірілді. Барлық тәрбиелік мәні бар шараларды студенттер өздері ұйым­дас­тырып, өздері жүргізіп, ерекше бел­сен­ділікпен қатысады. Осының бір айғағы – университетте жұмыс жасап келе жатқан Жастар театры. Бұл шаралар жастарымызды этносаралық достық рухында тәрбиелеуге септігін ти­гізу­де. Студенттік «Достық» ассам­блея­сы өз жұмысын үлкен Ассамблея қызметімен ұштастырып, Елбасы қойып отырған межелі мақсаттарды жүзеге асыруда. «Бірлесіп көтерген жүк жеңіл» деген халықтық қағида – студенттік ассамблея мүшелерінің бү­гінгі басты ұстанымы.
Елбасы феноменнің тағы бір қы­ры – дүниежүзінің алдында жаппай қырып-жоятын ядролық қарудан бірінші болып бас тартып, «Ядролық қарусыз әлем» құруы. Универси­те­ті­мізде Президент идеясынан туында­ған «Таза планета» ғылыми-таным­дық орталығы жұмыс істейді. Оқу орнын­дағы тәрбие жұмыстарының бір ба­ғыты саналатын бұл орталық 2004 жылы университет жанынан құрылған О.Сүлейменов атындағы Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және жас­тарға тәрбие институтында іске асы­рылуда. Онда әлем қасіреті атанған ядро­лық сынақтардың зардабын бей­нелейтін экспозициялар қойыл­ған. Биыл «Невада-Семей» халықа­ра­лық антиядролық қозғалысына 30 жыл толуына орай университетімізге Жапон елінен 30-ға жуық делегат келіп, орталық жұмысымен танысып, үлкен әсер алып, оң бағаларын беріп кетті. Бұл жөнінде «Қазақ әдебиеті» басылымы кең көлемде мақала беріп, оны Жапонияның белді басылымдары өз тілдеріне аударып жариялаған.
Жастарды тұлғалар арқылы тәр­бие­леу ісіндегі тағы бір маңызды мә­селе – тоқсан жылдық терең тарихы бар университетіміздің бастауында тұрған тұлғалы қайраткер ғалымдары­мыздың өнегесі мен ерен еңбектерін кейінгі жастарға үлгі етіп отыру. Бұл біздердің парызымыз. Университет – ұлағатты ұстаздардың даналығы мен халқымыздың игі істерін, білім мен ғылымға деген ізденісі мен құштар­лы­ғын бойына сіңірген өнегелі білім ошағы. Оқу орны тарихының әрбір кірпіші оның белгілі ғалымдары, оқыту­шылары мен студенттердің шы­ғар­машылық талмас қайраты мен күн­делікті ізденіс пен еңбегінің арқа­сын­да қаланған.
Оқу орнымыздың негізін қалаушы – кезінде Қазақстанның халық ағарту және мәдениет саласындағы комис­сары болып қызмет атқарған ұлт зия­лысы Ораз Жандосов – Ауыл шаруа­шы­лық институтының тұңғыш бас­шы­сы болған. Алаш қайраткері Әлім­хан Ермеков пен ұлы жазушы Мұхтар Әуезов сынды тұлғалар Ал­маты зооте­хни­ка-малдәрігерлік инс­титутында дәріс берген.
Қазақтан шыққан тұңғыш ғылым док­торы Нәйлә Базанова, Тамара Та­вил­дарова, Қилыбай Медеубеков, Вла­димир Бальмонт, Петр Бессчетнов, Аракел Мушегян, Фазыл Мұхамед­ғалиұ­лы, Лашқар Тәжібаев, Қилыбай Медеубеков сынды Қазақстанның ауыл шаруашылық білімі мен ғылы­мына ерекше еңбек сіңірген көрнекті ғалымдардың өнегелі істері бүгінде жалғасын тауып келеді. Сонымен қатар, университетімізде отандық агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына айрықша үлес қосқан Дала академик­тері мен Еңбек Ерлері галереясы ашыл­ған. Онда ерен еңбегімен ұрпақ­қа үлгі болған 40-қа жуық тұлғаның портреттері қойылған.
Бұл ретте Елбасымыздың әр кезде ерекше ойлары біздің жастарымызды жігерлендіріп келеді. Өйткені, бола­шақ­та егемен еліміздің тұғыры берік болып, қарыштап дамуы үшін сапалы білімі, саналы тәрбиесі бар, рухы биік, отансүйгіш жастар мен инновациялық технологияларды игерген білікті ма­ман­дар ғана биік белесті бағындыра алмақ.
Ұлы даламыздың данасы, Түркі әлемінің Көшбасшысы ретінде халқының қамын ойлап, елдік мүдде жолында аянбайтын Елбасының төл туын­дысы саналатын Астана – әлем­нің аты әйгілі қалалардың санатына енді. Алдағы кезеңде Қазақстан дү­ние­­жүзіндегі дамыған 30 мемлекет­тің қатарынан көрінуге тиіс. Елде осын­дай тарихи міндеттерді шешу үшін рухани байлық, табиғат, шикізат, ғы­лым, техника және адам ресурстары жеткілікті. Елбасы еліміздің кемел келешегін бір мақсатқа топтасқан, бір мүд­деге біріккен халық қана шеше ала­тындығын іс жүзінде дәлелдеп келеді.
Ұлт Көшбасшысының салиқалы саясатының нәтижесінде орнаған ын­ты­мағы жарасқан қоғамда өмір сүріп отырған бүгінгі ұрпақ шынымен ба­қыт­ты. Халқымыз Елбасының «Нұрлы жолымен» Мәңгілік Ел мұра­тына жететініне әрдайым берік сенім­мен қараймыз.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір