Қазақ анимациясы – ұлт болашағы
23.11.2018
2290
0

Батыржан Сейдомар

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шы­ғарған «Күлтегін» атты толық­мет­ражды анимациялық фильмі жа­қын арада көрерменге жол тар­та­ды.Тарихтың ескі қойна­уында ескіріп бара жатқан дүние­лерді қайта жаңғыртып, өскелең ұрпаққа тәрбие беру жолында жүзеге асырылып отырған бұл жобаның авторы – Адай Әбілдин. Аталған жоба бірнеше жылдың сыны­нан өтіп бүгінгі күні Халықаралық фестивальда әлем назарын ауда­рып отыр. «Күлтегін» анимациялық фильмі тарихтың терең қатпар­ларында ұлы жігерімен және сөзсіз басшылығымен сақталған Күлте­гіннің жас күніне арналады. Ал бүгінгі біздің сұхбатымыз кино­сту­дияның ең жас атқарушы мүше­лерінің бірі – Батыржан Сейдомар­мен болып отыр.

– Қазақ киноанимациясына деген көзқарасыңыз қандай?
– Қазақ киноанимациясы дамы­ғалы – жыл болды. Ани­мациялық фильмге «Алдаркөсе» мультфильмі жатады. Бірақ ол қа­рапайым анимация. Түрлі фильм­дер дайындалуда, сонымен қатар Адай Әбілдинов бауырымыз «Күлтегін» атты тарихи анима­циялық фильм әзірлеу үстінде. Жалпы анимациялық фильм 28 жыл ішінде дами бастады. Бірақ өте көп қаражатты талап ететін­діктен, мұны әрбір адам жасай алмайды.
– Анимациялық фильмдерді жасауда бәсекелестік бола ма?
– Біздің тарихи аңыздарымыз, ертегі­лері­міз бар. Оларды ани­мациялық түрде түсірсе өте жақ­сы болар еді. Себебі, Америка, Еуропа елдеріне және біздің бүл­діршін балаларымызға тари­хымызды танытудың бірден-бір жолы осы. Қазір бәсекелестік бар деп айта алмаймын.
– Қазақстанда сіздерден де өзге ани­мациялық фильмдер дайындаушы кино­с­тудия­лар бар. Сол мамандармен бірігіп туынды шығару ойларыңызда жоқ па?
– Бар, әрине, киностудия жер жерде орналасқан. «Сақ» кино­студиясы Шым­кент қаласында, ал біз көбінесе Алматы, Жетісай өңірлерінде жүреміз. Бірігіп туынды шығарудың өзі де өте қиын нәрсе, өйткені әр продюсер өз идеясын түсіргісі келеді. Және әр продюсердің өз аниматорлары, монта­жерлары бар. Егер бұл үлкен жоба болмаса, бірігудің де қажеті жоқ деп ойлай­мын.
– Ал неге үлкен жоба жаса­масқа?
Оның да өз уақыты келер. Ол үшін қазақ анимациясы әбден дамуы керек.
– Қазақ анимациясы дамуы үшін қанша жыл уақыт қажет деп ойлайсыз?
Негізінен бізде қазірдің өзін­де-ақ дамыды. Бәрі қара­жатқа тіреліп отыр. Мәдениет ми­нистрлігі «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» офисі қаражат бөлсе, бір жылда талай анима­циялық сурет шығар еді. «Қа­зақ­фильм» бе­л­­гілі бір қар­жыны бөл­генме­нен, осы жобаның ав­торы Адай Әбіл­дин өзі де қаражат қосуына тура келген тұстар болды.
– Қазақ анимация­сының ең алғашқы даму кезеңдері мен қазіргі кезінен қандай айыр­ма­шылықтар мен жетістіктер көресіз?
Мысалы, «Звездные войны» анима­циясын түсірген режиссер болашақты көре білген және сол уақытта, яғни 1970-80 жылдары фильмнің 4-5-6-шы бөлімдерін түсірген. Кейінірек 2000 жыл­дары 1-2-3-ші бөлімдерін түсір­ген. Мұның барлығы ол кезде тех­ника жетіспеуіне байланысты еді.
– Аниматор болам деуші жастарға қандай ақыл-кеңес бересіз?
Зертте, оқы, үйрен, жаса, мақ­сат қой, тырыс. Қазіргі жастардың көбісі дайын өнімді күтуге үйренген. Тек алға қадам бассаң, сонда талабыңа нұр жау­а­ды.
– Әңгімеңізге рақмет!

Әңгімелескен
Жайна

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір