«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»
18.09.2023
208
1

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі орай Алматы қаласы Орталықтандырылған Кітапхана Жүйесі №6 кітапхана бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» тақырыбында  Қазақстан Республикасының  халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек ері, ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановпен кездесу өтті. Кездесуге №64 жалпы білім беретін мектептің 9 «А» сыныбы мен №53 мектеп-гимназиясының 7 «Ә» сынып оқушылар мен ұстаздары, кітапханашылар қатысты. Кездесудің шымылдығын Ақын өлеңмен ашып берді. Шара барысында оқушылар ақынның отты жырларын жатқа жарыса оқыды. Өздерін толғандырған, ойландырған сұрақтарын қойды. Толқынға қарсы жүзген, қазақтың маңдайына біткен қайсар ақыны М. Шаханов шығармаларында тілге, ұлт рухына, ел намысына арналған жырлары көп. Өзінің жасында жырларымен ұлт санасын оятып, көңілге сәуле дарытқан М. Шаханов шығармалары елдігіміздің  керегесін кеңейтіп, ертеңімізге жол салатын жас буынға жігер береді. Ақын тіл қасиетін:

Табиғаттың өзгермейтін заңына бұр бетіңді,
Қай кезде де туған тілің туған анаң секілді.
Бабалардың арманы бар мына қызыл гүлдерде,
Олар елін, тілін қорғап жанын қиған бұл жерде.
– деп жырлайды. Шын мәнінде, Тіл – біздің күре тамырымыз, елдігіміздің айғағы.

Кездесу соңында ақын оқушыларға, кездесуге қатысқан жыр сүйер қауымға аталық ақ батасын берді, №6 кітапхана меңгерушісі Кадырбекова Балнұр Асқарқызы ақынға алғысын білдіріп, кітап сыйлады. Кеш қонақтары ақыннан қолтаңба алып, естелік суретке түсті.

Дінмұхамед Қонаев атамыз: «Ақындығын азаматтығы, азаматтығын ақындығы көтерген, елдің сөзін сөйлеп, жоғын жоқтаған, дауласуға бар, бірақ жауласуға жоқ, осындай ұлдары бар, осындай ақындары бар халықта не арман бар» –  деп текке айтпаса керекті. Бүгінгі өткізіліп отырған кездесудің мақсаты тілімізді, елдігімізді дәріптеу, ел құрметтеген ақындарын жас буынға насихаттау, жас ұрпақтың бойында тілге деген құрметін ояту.

Х.ЖҰМАДІЛ,
№6 кітапхана қызметкері

 

 

 

 

ПІКІРЛЕР1
Аноним 19.09.2023 | 13:17

Тіл саясаты комитетінің басына Ербол Тілешов деген жемқорды қойыпты. Ол жемқор да бірдеме дейтін болыпты. Ол «Тіл мәселесі эволюциялық жолмен шешілуі тиіс» дейтін болыпты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір