ӨЛЕҢМЕН ӨРІЛГЕН «ӨМІР ӨРНЕКТЕРІ»
Қыркүйектің 28-і күні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Халықаралық «Жанашыр» қорының ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ырысалды Төкееваның «Өмір өрнектері» атты екі томдық кітабының тұсаукесері өтті.
Жинақта жер шарының Азия мен Еуропа атты екі құрлығында – Қытай, Қазақстан, Белгия сияқты үш мемлекетінде өмір сүріп жатқан тағдырлы ақынның ғұмыр жолы өлеңмен өрнектелген. Ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы жүргізген бұл кеште этнограф-жазушылар Болат Бопай, Баяхмет Жұмабай, публицист-жазушы Болат Құрманқажы, ақындар Аманғазы Кәріпжан, Сламхат Сейітқамза, Ләззат Игісін, Мағиза Құнапия, Райса Ақанқызы, күйші Мұқаш Таңғыт, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Алматы филиалы басшысының орынбасары Серікжан Ахмет, «Жанашыр»» қорының президенті Жаңыл Әпетова, «Отандас-Ел» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұқан Мамытхан, Қазақстан жазушылары кітапханасының меңгерушісі Елена Жамелова және т.б. қатысушылар ақын поэзиясы жайлы өз пікірлерін айтты. Сондай-ақ, шараға С.Демирель атындағы қазақ-түрік колледжі мен Халықаралық қазақ-қытай колледжінің студенттері қатысты. Кеш соңында
«Жанашыр»» қорының президенті Жаңыл Әпетова Қазақстан Жазушылар одағы кітапханасына «Өмір өрнектері» кітабының 100 данасын сыйға тартты.