Ілияс Жансүгіровтің «Қуат» поэмасы табылды
02.10.2018
2787
1

Ілияс Жансүгіровтің бүкілодақтық электр қуатының ордасы – Днепрогэс алыбына арнаған «Қуат» поэмасымен (1932) оқырман қауым 86 жылдан кейін қауышып отыр.

Ақынның соңғы шыққан 10 том­дық шығармалар жинағында (2004) 13 поэмасы ғана берілген. Жи­­наққа енбей қалған поэма­лары: «Құсбегінің айналасында», «Мұз қала», «Қолбала» және «Қуат».
«Құсбегінің айналасында» (1919), «Мұз қала» (1930) поэ­ма­ла­ры­ның мәтіндері табылмай отыр. Іздестіру жұмыстары қолға алыну­­да.
«Қолбала» (1920) поэмасы 1964 жылы Алматы облысы Ақсу ау­дандық «Өмір нұры» газетінде, 1974 жылы «Жұлдыз» журналында жарияланған екен. Болашақта ақын жинақтарына енгізіледі деген үміттеміз.
«Қуат» поэмасы 1932 жылы «Әдебиет майданы» журналының 11-12 нөмірлерінде жарияланып­ты. Поэма белгісіз себептермен осы уа­қыт­қа дейін ақынның жи­нақтарына енбей қалған. Соны­мен, Ал­маты қала­сын­дағы Ұлттық кітап­хана­ның сирек кездесетін қол­жазбалар қорынан шаң басып жатқан «Қуат» поэ­ма­сы табылды. Енді Ілияс поэмала­ры­ның ұзын саны 13 емес, 17 болып шы­ғады.

ПІКІРЛЕР1
Аноним 28.10.2021 | 00:48

Iздестiру жағы нəтижелi жемiстi болу керек. Мұқият қарап зерттеу керек. Кешегi ɵткен тарихты түгендей алмай жатқанымыз-ұят

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір