ӘЛЕМДІК БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
07.09.2018
1268
0

Күні кеше ғана болондық балалар кітап жәрмеңкесінде әлемдік балалар әдебиеті саласындағы ең үлкен жүлде – Ханс Кристиан Андерсен атындағы сыйлықтың 2018 жылғы жеңімпаздары анықталды.

Олар: жазушылардың арасынан – жапондық жазушы Эйко Кадоно және иллюстраторлар бойын­ша – ресейлік Игорь Олейников. Дип­лом­дар мен жүлделер қыркүйек айының ішінде Афинада өтетін балалар кітаптары бойынша Ха­лықаралық кеңестің кезекті Конгресінде табыс еті­леді. Қазылар алқасының пікірінше, Эйко Ко­доно – қазіргі жапон әдебиетінің классигі. Ал И.Олейниковтің есімі кеңес заманынан белгілі «Са­лтан патша туралы аңыз», «Аққұтан-халиф», «Үшінші планетаның құпиясы», т.б. мульт­фильм­дер арқылы жақсы таныс.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір