БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ БАС БАҒБАНЫНА ҚҰРМЕТ
21.12.2023
89
0

 

Қазақстанның халық жазушысы, мемелекеттік сыйлықтың иегері, соғыс ардагері, балалар әдебиетінің классигі әрі бас бағбаны Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 100 жыл толу мерейтойына орай ақын өмірінің соңғы жылдарында тұрған үйге Алматы қаласы әкімдігінің шешімімен ескерткіш тақта орнатылды.
«Балдырған» журналының бас редакторы, жазушы Дүйсен Мағлұмов жиын салтанатының жүргізу тізгінін қолына алды. Қала әкімдігінің мәдениет басқармасының қызметкері Арман Халбеков, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары, белгілі ақын Нұржан Қуантай, жазушы-ғалым Нұрдәулет Ақыш, суретші-карикатурашы Еркін Нұразхан, мерейтой иесінің немересі Жәнібек Әлімбаев, тағы басқалар Мұзафар Әлімбаевтың шығармашылығы, азаматтық тұлғасы, ізбасар қаламгерлерге қамқорлығы төңірегінде естеліктер айтты. Жиын барысында Нұржан Қуантай, Арман Халбаев, ақынның ұлы Арнұр Әлімбаев тақтаны ашу құрметіне ие болды.
Жиын соңы ардагер ақынды еске алуға арналған асқа ұласып, рухына құран бағышталды.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір