Балалар әдебиетінің классигі
03.05.2023
225
0

20 сәуір Дүниежүзі кітап мерекесіне орай Алматыдағы Республикалық орталық кітапханада өткен жиын Қазақ­станның Халық жазушысы, Мемлекет­тік сыйлықтың иегері, көрнекті балалар ақыны Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Қазақ балалар әдебиетінің өткені мен бүгіні» ат­ты ғылыми-тео­риялық конференцияға ұласты. Жиынды филология ғылымының докторы, ҚР Ұлт­тық ғылымдар академиясының Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов сөз сөйлеп ашып, жүргізіп отырды. Қазақ­стан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, ақын Бауыржан Жақып, әдебиетші ғалымдар Қансейіт Әбдезұлы, Нұрдәулет Ақыш, Гүлжаһан Орда, Бекен Ыбырайым, сондай-ақ балалар әдебиетінің өкілдері Сәбит Дүйсенби, Бейсенбай Сүлейменов, Арасанбай Естен, Дүйсен Мағзұмұлы, ақын Жұмаш Кенебай, әзілкеш суретші, карикатурашы Еркін Нұразхан, тағы басқалар мерейтой иесінің өмірі, шығармашылығы жайлы қызықты естеліктер айт­ты. Алматыдағы Абай атындағы мектептің 11 сынып оқушысы Қазбек Жалға арнау ән-өлеңін домбырамен орындады.
Конференция аясында Кенжехан Матыжановтың «Уыз тәрбие» ат­ты кітабы мен «Қазіргі қазақ балалар әдебиетінің даму үрдістері» ұжымдық жинағының тұсауы кесілді. Жиынға М.Әлімбаевтың баласы Баламер Әлімбаев, келіні Нұрзада Кәкішева қонақ ретінде қатысты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір